- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Шұлықты пайдаланудағы лайфхак...
Шұлықты пайдаланудағы лайфхак
Шұлық — кез келген адамның гардеробынан табылатын бұйымның бірі. Көп жағдайда шұлықтың бір жағын жоғалтып алып жатамыз. Сондай кезде оны лақтырмай, пайдаңызға асырыңыз. Бүгінгі материалда шұлықты пайдалы қолдануға бірнеше идея ұсынамыз.
Пернетақтаға арналған демеуіш
Бірнеше сағат пернетақтада жазу кезінде шаршаған қолдарыңыз бен білегіңізге арналған тіреуіш жасауға болады. Ол үшін ұзынырақ шұлықты алып, оның ішін күрішпен толтырыңыз. Ашық жерін тігіп тастап, суретте көрсетілгендей қолыңыздың астына қойып отырыңыз. Компьютерде жұмыс істеу қолайлы бола бастайды.
Тізеге арналған қорғаушы
Егер бақшада ұзақ жұмыс жасау керек болса немесе бірнеше бөлменің еденін жуу керек болса, тізелеріңізді жұмсақ шұлықпен қорғаңыз.
Инелерге арналған жастық
Кез келген шұлықты алып, ішін жұмсақ мақтамен толтырып, ашық жерлерін тігіп тастап, инеге арналған жастық жасауға болады.
Аяққа массаж жасайтын құрал
Күні бойы екі аяқта жүріп шаршасаңыз, диванға отырып, аяғыңызға массаж жасаңыз. Ол үшін шұлықтың ішіне шар немесе доптар салып, шұлықты байлап тастаңыз. Аяғыңызбен сол шарларды басу арқылы шаршағандығыңызды басыңыз.
Шыны ыдыстарды қорғау
Көшу кезінде немесе бір жерге ыдыс тасу кезінде шыны ыдыстарды шұлыққа салып, тасыңыз.
Жалюзи сүртуге арналған шүберек
Жалюзиді қарапайым шүберекпен сүрту қиынға соқса, қолыңызға шұлық киіп алыңыз.
Шаңсорғышқа арналған қондырма
Егер еденге қажетті заттарыңызды шашып алсаңыз және олар өте ұсақ болса, шаңсорғыштың басына шұлық кигізіп, оны сыртынан резеңкемен бекітіңіз. Содан соң шаңсорғышты іске қоссаңыз, барлық ұсақ түйек шұлыққа жиналғандығын көресіз.
Саусақтары жоқ қолғап
Шұлықтан саусақтары жоқ сәнді қолғап жасауға болады.
Шаш үлгісіне арналған "бублик"
Шашты әдемі түюге немесе кез келген жоғары тұратын шаш үлгісіне арналған "бубликті" қалай қолдану керектігін төмендегі видеодан көре аласыздар.
А. Жапатова