- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Өмірде қажет болатын...
Өмірде қажет болатын кеңестер
"Лайфхак" - ғаламтордың сәнді терминдердің біріне айналды. Кейбірін оқи отырып, таңғаласың. Байқап көрмегенше сенбейсің де. Осындай лайфхактардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамыз:
1. Бір шешімге келе алмай, қиналсаңыз, тиын лақтырыңыз. Әрине, оның сізге дұрыс шешімді тауып берері екіталай. Алайда ол айналып, түскенше, сіз қандай шешімге үміттенетініңізді анықтайсыз.
2. Ғаламтор арқылы тауар сатып алмас бұрын, сол тауарға промо-код іздеп көріңіз. Себебі қазірде кез келген тауарды шамамен 25 пайыздың жеңілдікпен алуға болады.
3. Сусынды тез арада салқындатқыңыз келсе, оны дымқыл қағазға не майлыққа орап, тоңазытқышқа салыңыз.
4. Егер сіз браузердің терезелерін байқамай жауып алсаңыз, CTRL+SHIFT+T пәрмендерін басып, оларды қайтадан ашып аласыз. Бір рет басу бір терезені ашады.
5. Егер қызыңызға не сыйлайтыныңызды білмесеңіз, оған сыйлықты алып қойғаныңызды айтыңыз. Ол сыйлықтың қандай болуы мүмкін екенін сұраңыз. Сонда ол не қалайтынын тізіп, айта бастайды.
6. Егер ұшақтың артқы жағына отырып қалсаңыз, орын ауыстыруға асықпаңыз. Себебі артқы жақта отырсаңыз, әуе апатында аман қалудың мүмкіндігі 40 пайызға артады.
7. YouTube сайтында бір әнді қайталап тыңдағыңыз келсе, қайта қайта ашып, қоюдың қажеті жоқ. Бар болғаны "Үoutube" пен "com" сөздерінің арасына "replay" сөзін жазу керек.
8. Егер сізге жасырын нөмірмен біреу қоңырау шала берсе, оның кім екенін табуға болады. Ол үшін телефонды өшіріп тастап, қосқаннан кейін қабылданбаған қоңырау ретінде абоненттің нөмірінен смс келеді.
9. Көлігіңізді эвакуациямен алып кетпеу үшін, рөлді барынша бұрып тастаңыз. Оны сүйреп те, дөңгелек арқылы көтеріп те алып кете алмайды.
Сурет: mancheteatual.com.br
Оқи отырыңыз:
Көктемгі күйзеліспен қалай күресеміз?
Алғашқы кездесуге қалай барасыз: Аруларға кеңес #2
Ф. Абилова