- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Қуыршақтың шашын тез...
Қуыршақтың шашын тез тарау үшін
Бала кезіңізде қуыршақтың шашын тарап, оған түрлі шаш үлгісін жасап, нәтижесімен мақтану үшін лезде ата-анаңызға жүгіріп, көрсететін бе едіңіз? Егер иә болса, ондай тәжірибелерден соң қуыршақтың шашы қандай болатынын анық білесіз. Қазіргі ойыншықтарды синтетикалық материалдардан жасағанмен, бұл мәселе шешілген жоқ.
Дәл солай қуыршақтардың шашы жылдам шатысталады. Ескі қуыршағының шашы ұйысып қалған соң, қызыңыз (сіңіліңіз) басқа жаңа қуыршақ сұраса, бірден дүкенге жүгірудің қажеті жоқ. Шаш үлгісін жасап тәжірибе жүргізетін шаштараз қуыршақтарының да шашын тез тарауға мүмкіндік бар. Қарапайым орындалатын лайфхак ұсынамыз.
Сүйікті қуыршаққа бастапқы күйін қайтару үшін жуып-шаю және аздаған қулық керек. Қызыңызға (сіңіліңізге) ойыншыққа арналған сән үйін жасап беріңіз. Бұл мәселеден құтылу жолыңызды балаңыздың өзі қызықтап қарайтын болады.
Қажетті ингредиенттер:
- Шашқа арналған қатты тарақ;
- Киім шаюға арналған кез келген кондиционер;
- Шашатыны бар ыдыс;
- Су.
Шашатыны бар ыдыстың ішіне суды және киім шаюға арналған кондиционерді 50/50 қатынаста (жарты-жартыдан) құйып, араластырыңыз. Осы қоспаны қуыршақтың шашына толықтай ылғал болғанша шашыңыз. Қуыршақтың ылғал шашын барлық ұйысқанды кетіргенше абайлап тараңыз. Енді таралған шашқа таза су шашып, кондиционер толықтай кеткенше шайыңыз. Қуыршақтың шашын фенмен кептіріңіз. Қуыршағыңыз жаңа ойыншықтай көрінеді.
Бұл әдістің авторы Хезер атты америкалық блогшы әрі сүйікті ана. Ол бұл әдісті үйіндегі қуыршақтарға сынап көрген.
А. Жапатова