Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Фенді қолданудың қосымша мүмкіндіктері

Фенді қолданудың қосымша мүмкіндіктері

Фенді қолданудың қосымша мүмкіндіктері

Фенді жуынып шыққан соң, асыққанда шаш кептіруден басқа да жағдайларда қолдануға болады.

Затбелгі немесе жапсырмақағазды алу

Қатты жабысып қалған затбелгіні алу керек болса, фенмен қыздырыңыз. Қыздырылған желім икемге келе бастайды, сол кезде жабысқақ қағазды жеңіл алып тастайсыз.

Жиһаздан балауызды кетіру

Егер сіз майшамды жиһазға немесе еденге ағызып алсаңыз, оны алудың жеңіл бір жолы қыздыру. Жұмсару үшін фенмен үрлеңіз, кеуіп кетпей тұрып жылдам сүртіп алыңыз.

Төсекті жылыту

Егер отбасы мүшелерінің біреуі суық төсекке жатқанды ұнатпаса, көрпені күрке етіп қалқалап қойыңыз. Содан соң шетіне фенді қосып, қыздырыңыз. Ескерте кететін жайт, фенді қосулы күйінде қараусыз қалдырмаңыз, толықтай көрпемен жауып тастамаңыз. Себебі қатты қызып кетуі феннің бұзылуына немесе өртенуіне әкеліп соғуы мүмкін.

Джинс шалбарды кеңейту

Егер сіздің джинс шалбарыңызды жуған соң, тар болып қалса, фенмен шалбарыңызды қыздырыңыз.

Жаңа аяқ киім

Арнайы аяқ киім кептіруге арналған құралдар қолданған, әрине, жақсы. Бірақ ол әр үйден табыла бермейді. Мұндай жағдайда не істейміз? Аяғыңызға қалың шұлық киіп алыңыз. Аяқ киімге май немесе майлы крем жағыңыз. Содан соң сол аяқ киімді киіп, аяғыңызды қатты қысып тұрған жерлерді сыртқы жағынан фенмен қыздырыңыз.

Мұздатқыштың мұзын еріту

Мұздатқышты тазарту кезінде мұзын жылдам еріту қажет болса, фенмен қыздырыңыз. Жоғарыда айтылған  қауіпсіздік ережесін сақтаңыз. Фенді қараусыз қосулы қалдырмаңыз. Еріп жатқан мұздың суы фенге тиіп кетпеуін бақылаңыз.

Ал сіз феннің басқа қандай пайдасын білесіз?

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: la-woman.ru
Қосылған күні: 15 қаңтар 2016, 10:22

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.