- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Бір реттік жаялықтың...
Бір реттік жаялықтың (памперстің) зияны
Бір рет қана пайдалануға арналған жаялықтарды көбісі «памперс» дейді. Алайда «памперс» бір реттік жаялықтардың бірінің атауы. Ағылшын тілінен аударсақ «еркелету, әлпештеу» деген мағынаға ие бұл сөз халық жадында жақсы жатталды.
Бір реттік жаялықтарды ХХ ғасырдың соңына таман Американың Небраска штаты, Милфорд қаласында Виктор Миллз есімді өнертапқыш ойлап тапқан. Ол химиялық технология саласы бойынша отыз бес жыл «Procter@Gamble» компаниясында жұмыс істеп, тапқырлығымен атағы шыққан.
Шебер зейнетке шығып, қартайған шағында жалғыз қызынан туған жиенін бағуға тура келген. Әрине, жұмыс нәрестенің тек тамағын берумен ғана шектелмейді. Сәбидің жаялықтарын қайта-қайта жуып, оны кептіру керек. Қарт адамға қайта-қайта жаялық тазалау да оңай емес. Сөйтіп жүргенде шалдың миына «жумайтын жаялық неге ойлап таппаймын» деген ой түседі. Ақыры Виктор шал әлемде алғаш рет нәрестенің үлкен-кіші дәретін бойына сіңіріп алатын «жаялық» ойлап тауып, өзінің жиеніне сынақтан өткізді. Алайда оны сол кезде ешкім пайдалана қоймайтын. Бүгінгі күні кез келген сәбидің жанынан табылатын деңгейге жетті. Себебі ол аналар үшін қолайлы.
Оны 3-4 сағаттан артық кигізбеген жөн. Егер жаялық таза болса да, белгілі уақыт өткен соң ауыстыру қажет. Себебі баланың терісі демалу керек. Жалпы бір реттік жаялықтарды дәрігерге барған жағдайда, серуенге шыққан уақыттарда болмаса үйде қолданбаған дұрыс. Өйткені ол теріні тітіркендірмей қоймайды және ауа өтпейді.
Пайдалы тұсы:
• Аналардың уақытын үнемдейді;
• Оларды қолдану арқылы үй ішіндегі тазалықты сақтау жеңіл;
• Күнделікті жаялықтарды жуудан құтылуға болады;
• Түнгі ұйқы тыныш;
• Қонаққа барғанда, серуенге шыққанда таптырмас көмекші.
Зияны:
• Қаржы шығындалады;
• Құрамындағы химиялық қоспалар аллергиялық дерматит тудыруы мүмкін;
• Ата-аналар балаларының дәретке қаншалықты жиі баратынын қадағалай алмайды;
• Оның құрамындағы «трибутилен» деген улы зат зор қауіп әкелуі ықтимал.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова