- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Баланың бақытты болуына...
Баланың бақытты болуына кім жауапты?
Әр баланың өз несібесі мен ырыздығы болады. Баланы жақсы көру мейіріммен тәрбиелеу әр ананың қолынан келе бермеуі мүмкін. Сіз балаңызды мейіріммен тәрбиелегіңіз келсе, онда психологтың кеңесіне құлақ түріңіз.
1. Мейірімді жүрек баланың жүрегіне жол табады.
2. Баланы жақсы көру мейірімділікке тәрбиелейді.
3. Балаңыздың айтар сөзіне мән беріңіз.
4. Баланы кішкене күнінен бастап, жақсы сөздерді құлағына сіңіруге үйретіңіздер.
5. Баланы жақсы тәрбиеге үйреткіңіз келсе өзіңіз жақсы болыңыз.
6. Балаңыз мұңайған кезде, мақтау сөздер айтыңыз.
7. Отбасының шаттыққа бөленуі отанасына байланысты, ал ер азаматы қорғанышы ғана.
8. Жылулықты да сездіретін әйел адам, бақытты отбасын шат-шадыман шаттыққа бөлейтін анасы мен баласы. Ал сол отбасының бақытқа бөленуі анасы мен әкесінің қолында.
9. Баланың бақытты болуы анасы мен әкесіне тікелей байланысты.
10. Ана неғұрлым өз баласын сезіммен, шын жүрекпен сүйсініп жақсы көрсе, бала өскенде мейірімді болып өседі.
11. Әкесі мен анасының мейіріміне қанығып өскен бала, болашақтың жарқын жүзді тұлғасына айналары сөзсіз.
12. "Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар" деп қазақ халқы бекер айтпаса керек. Бала болған үйде шаттық та, қуаныш та болады. Баланың күлкісі мен қылығы қай жанды да қызықтырмай қоймайды.
13. Баланың бақытты болуы анасы мен әкесіне байланысты!
Бұл айтылған кеңестер бала тәрбиесінің маңызын арттыруға жәрдемдесері сөзсіз. Сондай-ақ, өз баласын түсінбей жүрген ата-аналар да бар. Кінәні баладан іздегенше, өзіңіздің қандай ана екеніңізді ойланыңыз.Бала сіздің іс-әректіңізді қайталаушы ғана. Баланың бақытты жүзін көргіңіз келсе, осы айтылған кеңестерді жүзеге асырып көріңіз.
Дереккөз: anabol.kz
Н. Үсенова