- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балам сабақ оқымайды...
Балам сабақ оқымайды
«Баламның сабаққа деген қызығушылығы жоқ. Оқымайды. Барлық сабағы екі», – деп шағым айтатын ата – аналар аз емес. Дегенмен, кезінде сабақ оқымайтын сыныптасыңыз бүгінде бір компанияны басқарып отырған бастық болса да таң қалмаңыз.
Адам сан қилы. Кейбір балалар үшін барлық пән түсінікті. Олар – әмбебап ойлау жүйесінің адамдары. Мектепті алтынмен бітірген, жетістікке жеткен таныстарыңыздың арасында сосы ойлау жүйесінің иегерлері табылары сөзсіз. Дегенмен, өмірде ешнәрсеге қолы жетпестен, «әйтеуір аман –есенмін» деп өмір сүретіндердің арасында да бар.
Бұл – өмір заңдылығы.
Мектептегі баға мен болашақ өмірінің арасында байланыстың жоғын естен шығармаңыз. Бастысы, балаңыздың қызығушылығы неде екенін ертерек аңғарыңыз. Ол сабақ оқымайды, бірақ, спортты жаны сүйеді. Ол сабақ оқымайды, бірақ, далада құрт – құмырсқаны жинап, оны зерттегенді ұнатады. Міне, бағадан осы маңызды. Оның қызығушылығы оны биіктреге жетелейді. Тек бағаға тәуелді адам табысқа қол жеткізе алмайды.
«Оған ешнәрсе қызықты емес». Бұныңыз дұрыс емес. Бала үшін балалық шақ– аумалы - төкпелі шақ. Сізге солай көрінуі мүмкін. Бірақ, әр адамның бойында жасырын жатқан талант бары анық. Сіз ата – ана ретінде соны зерттеңіз.
Бес алмадың деп өкпелегенше, оған сіз сенім артыңыз. Сіз баға үшін ренжіген сайын, оның бойындағы болашаққа деген үміті сіздің өкпеңіздің артына жасырына беретіні сөзсіз. Сіз сеніңіз, ол да сенеді.
@. @assel_assanova