Өмір заңдылықтары

Өмір заңдылықтары
Фото: goldenchild.ru

1. Құр бостық заңдылығы.

Егер сізге жаңа бәтеңке керек болса, онда көне бәтеңкеңізді лақтырып тастаңыз. Ал егер сізге жаңа киім-кешек керек болса, онда шкафыңызды тазалап қойыңыз. Сіз өзіңіздің стереотиптеріңізбен оңай қоштаса білуіңіз керек.

2. Айналма заңдылығы.

Егер қалағаныңызды қолға түсіргіңіз келсе, қолыңызда барыңызды жоғалтуға әрдайым дайын болыңыз.

3. Қиялдау заңдылығы.

Алдымен сіз өзіңіздің қиялыңызға сенімді болуыңыз керек. Ең керемет күніңізді күнделікке жазып қойыңыз, бірақ ешкімге де көрсетпеңіз. Оны әрдайым қолжетімді жерде тұрғаны дұрыс. Себебі бос уақытыңызда алып оқып тұрасыз.

4. Шығармашылық заңдылығы.

Адам күш-қуаты тасып, ойлау қабілеті артып, ішкі түйсігі мен қиялы шарықтаған кезде ғана шығармашылығында үлкен жандану болады.

5. Беру және алу заңдылығы.

Егер біреуге бір жақсылық жасасаңыз, 10 есе болып қайтатынына күмән тудырмаңыз. Сонымен қатар дәулетіңізді айналаңызбен бөлісіп, сауап жинауды ұмытпаңыз. Сол секілді өзіңіздің бойыңыздағы дарыныңызды дұрыс пайдаланғаныңыз жақсы. Өйткені Құдайдың бергенін өзгемен бөлісіп, осындай дарынға ие екеніңізге қуануыңыз керек. Сонда сіздің өміріңіз мәнді де сәнді өтетіні сөзсіз.

6. Ғұшыр (десятина) заңдылығы.

Тапқан табысыңыздың 10 пайызын міндетті түрде қайырымдылыққа жұмсаңыз. Қолыңыздан келсе, ешқашан аянып қалмаңыз. Өйткені өмір – кезек. Бүгін барсыз, ертең жоқсыз.

7. Бәрін кешіру заңдылығы.

Егер сіз адамдарды кешіре білмесеңіз, өзіңіздің байлығыңызды да қабылдай алмайсыз. Егер сіздің жаныңыз көре алмаушылыққа толы болса, онда сіз ешкімді де шын сүйе алмайсыз. Сол себепті жағымсыз көзқарастың бәрінен аулақ болғаныңыз жақсы.

Ж. Исакаев