- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Балалар бөлмесін безендіру...
Балалар бөлмесін безендіру
Үйдің ішіндегі заттар адамның көңіл-күйін көтеруге немесе түсіруге әсер етеді. Сондықтан әр адам үй ішінің безендірілуіне көп көңіл бөлуі керек. Жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін интерьердің ашық, сәнді болуын қадағалаңыз. Күңгірт түс бөлмені көлеңкелеп, еңсені басып тұрады.
Әсіресе, балалар бөлмесін безендіргенде баланың қиялын дамытатын детальдарды қолдану керек. Психологтар адамның ақыл-ойы көру арқылы қабылдауға байланысты дамитынын айтады. 2 жасқа дейін балалар бөлмесін қанық, ашық түспен безендіріп, 2 жастан кейін көңілді, түрлі-түсті интерьерді пайдалану керек. Сондай-ақ психологтар мен дизайнерлердің айтуынша, ашық түстерді шамадан тыс қолданбаған дұрыс.
Сурет: vk.com
Ұқсас жазба:
М. Оңғарова