Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

Тек сол адам...
Тек сол адам...

Автор: Әсел Асанова

Статус: Редактор

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Бойжеткен / Шаңырақ / Балалар бөлмесінің интерьері

Балалар бөлмесінің интерьері

Балалар бөлмесінің интерьері

Балалар бөлмесі – сәби көп уақытын өткізетін орын. Сондықтан оның интерьеріне аса жауаптылықпен қарау қажет.

Нәресте өмірінің алғашқы жылдарындағы психологиялық, дене және ой қабілетінің дамуы өз бөлмесінен басталады. Яғни, ата-ананың міндеті - бала дамуына қажетті жағдай жасау. Ал мұндай қиын мәселеде мамандардың кеңесіне жүгінген дұрыс. Сонымен, балалар бөлмесі интреьерінде ескеру қажет жағдайлармен таныс болыңыздар.      


Жиһаз


Балалар бөлмесіндегі жиһаз міндетті түрде көп функционалды, экологиялық таза, және қауіпсіз болуы шарт. Сонымен қатар, табиғи материалдан жасалған, үшкір ұшы жоқ, фурнитуралары мен өңделуі жоғары сапалы болғаны дұрыс. Балалар бөлмесіне ең ыңғайлысы – модульді жиһаз. Яғни, бөлме интерьері бөлек жиһаз модульдерінен құрастырылады. Және олар бала өскен сайын, жасына сәйкес басқасына оңай ауыстырылады.    


Еден мен қабырға


Кішкентай кезінде бала көбіне еденде отырып ойнап, еңбектейді. Сондықтан, оның жылы және ыңғайлы болуын қадағалау қажет. Еден төсемін таңдағанда, осыған назар аударыңыз. Оған қоса, төсем аллергенді болмағаны дұрыс. Балалар бөлмесіне тым қымбат түсқағаз алудың қажеті жоқ. Бастысы, ол экологиялық таза болса, жеткілікті. Ал жасөспірім жастағы бала түсқағазды көбіне плакат және фотосуреттермен жабыстырып тастайды. Кішірек болса, оған суретті өзі салады.       


Түс


Балалар бөлмесінің интерьеріне пастельді түстер таңдаған жөн. Ашық қанық түстер тек акцент ретінде ғана орынды болуы мүмкін. Бөлме интерьері бала мінезінің қалыптасуына әсер етеді. Сондықтан, оған өз бөлмесі тек қуаныш пен қауіпсіздік сезімін ұялатуы қажет. Кішкентайынан қуанышты, жылы, көңілді атмосферада өскен бала жұмсақ мінезді болады.     

Суреттер artleo.com сайтынан алынған

10727 0
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 22 желтоқсан 2011, 17:37
Пікірлер
+0
22 желтоқсан 2011, 16:10

Эх, қазіргі орта таптың өкілдері баланың бөлмесі түгіл, жеке меншік бөлмеге әзер қол жеткізіп жүр.

+0
22 желтоқсан 2011, 18:48

Айтпа, суреттерге қарап, армандааааап отырсын. Армандар орындалады ғой.

+0
23 желтоқсан 2011, 03:24

Қандай күштіііі!

+0
23 желтоқсан 2011, 13:34

Шиииркииин осындай болмеде болмады гой бизде. Енди келешегимиздин осылай болуына максат туту керек.

+0
09 қаңтар 2012, 13:57

Заманның жақсарғаны ғой бұл. Болашақты тек осылай елестетейік. елестеп қана қоймай, осылай болуына тырмысайық. Иа, қыздар, қазіргі кезде баласына бір бөлме арнамақ түгілі, бір бөлмелі пәтер ала алмай жүргенде де баршылық қой. Қазағымыз шүкіршіл ғой, барына шүкіршілік етейік.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...