- Негізгі бет
- Шаңырақ
- Ағаш еден күтімі...
Ағаш еден күтімі
Табиғи ағаш едендер линолеум төсемелеріне қарағанда әлдеқайда жақсы. Себебі, ағаш «демалып» тұрады. Бөлменің ауасын тарылтпайды. Дегенмен, ағаш еденге арнайы күтім жасап тұрмаса, күйін жоғалтып алатыны тағы бар.
Мұндай едендерге жиі күтім жасау аса қиын емес. Аптасына бір рет шаңын сүртіп, жуып тұрса болғаны. Еденді өзіңізге ыңғайлы әдсіпен жусаңыз болады. Егер швабрамен жуатын болсаңыз, еденге сызат түсірмеуге тырысыңыз. Ағаш еденнің ернеулігін мұқият жуған дұрыс. Өйткені шаң-тозаң ең көп жиналатын жер – сол.
Мүмкіндік болса, жылына екі рет ағаш еденді құрамында балауызы жоқ жылтыр сырмен бояу керек. Егер сырдың құрамында балауыз болса, еден күңгірт тартып кетеді. Ағаш еден балауызбен сырланса, еденді дымқыл сүрткішпен көп сүртпеген дұрыс. Сырланған ағаш еденді жуарда кезде суға мүсәтір спиртін қосса, шаң-тозаңды тез алады, ал егер зығыр майын тамызса, еден жылтырайтын болады.
Линолеум төселген еденді ешқашан мүсәтір спиртімен сүртпеңіз. Мұндай едендерді кір сабынмен жуса, жылтырайды.
Егер еденге балауыз шам тамып кетсе, үстіне мұз басыңыз. Ол қатып қалған соң, қырғышпен тазалауға болады. Еденге тамып кеткен сырды спиртпен немесе керосинмен кетіруге болады.
Г. Берік