Шаш күтіміне арналған майлар туралы

Шаш күтіміне арналған майлар туралы

Дүкенде тұрып, шашымызға арналған маска/май таңдауда көбіміздің қиналатынымыз рас. «Қандай май алу керек? Шашым құрғақ болса, қайсысын таңдаймын? Майлы шашқа ше?» сынды сұрақтар туындайтын кездер болады.

Сол себепті белгілі бір шаш түріне қандай май керектігі жайлы сөз қозғаймыз.

Зығыр майы. Ол құрғақ шашты ылғалдандырып, жылтыр етіп, бас терісін нәрлендіреді. Зығыр майы негізінде жасалған маска шаштың түсуін емдейді.

Өсімдік майы. Шашыңыз ұшталатын болса немесе тым құрғақ болса өсімдік майын қолдануыңызға болады. Әсіресе қыс мезгілінде.

Кокос майы. Шашын жиі жуып тұратын арулардың шашын қорғап, табиғи жылтыр күйіне қайтарады. Кокос майын қыс мезгілінде үздіксіз қолданған абзал.

Миндаль майы. Шаштың ұшталуы, сынғыштығы кезінде ең алдымен басыңызға, сосын шаштың бойына жағу керек.

Бүрген майы. Шашты тез өсіру үшін және шаштың түсіп қалуымен күресетін құрал ретінде пайдалануға болады. Бүрген майының негізінде жасалатын маска шашты көлемді әрі қалың етеді.

Эфир майлары. Шаштың тез өсуіне септігін тигізеді. Шашқа арналған майлы маска жасау барысында иланг-иланг, шай ағашы майы, авокадо майы, күріш майы және жожоба майы қолданылады.

Пальма майы. Бас терісін қалыпқа келтіріп, жіңішке шашты көлемді етіп, ылғалдандырады.

Шабдалы майы. Бұл майдың шашты қалыпқа келтіріп, құрғақ шашты да емдейтін қасиеті бар.

Камфор майы. Бұзылған шашты қалыпқа келтіріп, қан айналымын жақсартып, шашты өсіруге септігін тигізеді.

Сурет: liveroom.ru

Ұқсас жазба:

Шаш күтімінің бір сыры

Ф. Абилова