Ер мен әйел туралы

Махаббат байласып жүргенде ерлер әйелдерді жұлдыз, күн, періштеге теңейді. Ал үй болып шаңырақ көтергеннен кейін ерлер аспан әлемін жалғыз иелеп алған. Сүйген жары жерде жүреді. Неке – қолшатыр сияқты. Боран-шашында, ыстық аптапта көп септігін тигізеді. Ал ашық күндері ол аяққа оралғы сияқтанып тұрады. Бірақ оны жоғалтып алу орны толмас өкінішке әкеліп соғады. Жақсы әйел еркектің мектебі, жақсы әйел өз оқушысының мәңгі оқуы тауыспауын үміт етеді. Екі адамның қосылуы бейне банктегі депозит сияқты. Қарсы жақтың артықшылығын бағалау арқылы кірісті толықтыруға болады, кемшілікті түзету арқылы шығынды тежеуге болады. Әйел – пианино сияқты. Нағыз музкант келіп тартса, күй болып сайрайды. Неке – қолдағы құм сияқты. Жұдырықты қанша қатты қысқаныңызбен, оның төгілуі сонша тездейді. Әйел өз еркегінің үйленгеннен кейін іскер бола түсуін тілейді. Еркек өз әйелінің үйленгеннен кейін бұрынғыдай жайдары бола түсуін тілейді. Бірақ, бәрі керісінше. Әйелдер күйеуге шыққанынша, болашағына алаңдайды. Еркектер бас құрағаннан кейін ғана болашағы туралы ойлай бастайды.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: yahoo.com