Интерьер: Моно түсті бөлмелер

Интерьер: Моно түсті бөлмелер
Фото: vk.com

Өзінің аса реалистік суреттері арқылы барша әлемнге танылған аустралиялық иллюстратор Кэтрин Дженна Гендри жаңа интерьерлік жоба ұсынды.

Monochrome аталатын бөлмелер ішін сәндеуге қатысты проекция нысаны – жеті бөлмеден тұратын үй. Олардың әрқайсысының интерьері белгілі бір түстердің реңдерінде жасалған. Үйде қара, сұр немесе ақ сынды қарапайым түстердің нышаны да жоқ. Барлық бөлмелер жарқын және қанық түсті жиһазбен жабдықталған.

Арт-үй Бруклиндегі Гринпойнт қалашығында салынған. Көрменің ашылу салтанатының өзі ерекше өткен. Келушілер өздерін нағыз перфекционистің жұмағына түсіп кеткендей сезінген.

«Әдетте адамдар алдымен үйді жиһазбен жабдықтап алады да, кейін қабырғаларға өнер туындыларын іліп жатады. Мен соған таңданамын. Біз осыны керісінше жасадық. Үйді өнер туындыларының ыңғайына қарай әрледік»,– дейді Гендри. Монохромдық үйдің қабырғаларынан Pantone түстеріндегі көркем суреттерді көруге болады. «Бұл көрменің мақсаты не екенін келушілердің бәріне түсіндіріп отырудың орнына мен келушілердің өздері-ақ ұғынып алардай кеңістік жасадым»,– дейді суретші.

А. Оралқызы