Ас содасының пайдасы

Әрбір әйел заты соданы қамырға пайдалануға болатынын біледі. Алайда оның үй шаруасына пайдалы басқа да қасиеттері бар.

1. Киім жуатын суға ұнтақпен бірге 1 стақан сода қоссаңыз, ұнтақ өзінің пайдасын арттырады. Ақ киім ағарып, түрлі-түсті киім өз түсін сақтап, мерзімінен ерте ескіріп кетпейді. 

2. Ас содасымен кілем тазалауға болады. Ол үшін сода ерітіндісін дайындап, кілемге бүркеп, себіңіз. 1 сағаттан кейін кілемді шаңсорғышпен тазалап шығыңыз.

3. Сода ерітіндісі сондай-ақ мұздатқыш, қоқыс жәшігі, мысықтың дәретханасы секілді жерлерде сақталып қалған жағымсыз иістен арылуға көмектеседі. Ол үшін сода ерітіндісін бүркеп, сеуіп шығу жеткілікті. Ерітінді дайындау үшін су толы ыдысқа соданы сеуіп, әбден ерігенінше жақсылап араластыру керек.

4. Ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша мен ыдысты сода тазарта алады. Жылтыр сырлы, тот баспайтын ыдысты, ваннаны, жуынатын шұңғылшаны және кафельді тақтаны содамен тазартуға болады.

5. Құбырларды тазарту үшін стақан соданы ішіне сеуіп, спиртті сіркесу қосу керек. 5 минуттан кейін суды ашып, жуып жіберу керек.

6. Тамақ жасау барысында пеш үстінде бір нәрсе өртеніп кетсе, оны содамен өшіруге болады.

Ал сіз соданың басқа қандай қасиетін білесіз?

Ұқсас жазбалар:

Үйдің жайлылығы үшін...

Көрпе-жастықты қалай жуу керек?