Сірке қышқылының көмегімен жағымсыз иісті кетіруге болады

Сірке қышқылының көмегімен жағымсыз иісті кетіруге болады

Сірке суын тек ас үйде емес, үй шаруасында да пайдалануға болады. Алғашында иісі қатты мүңкігенімен, артынша білінбейді. Есесіне сірке суы — ешқандай зияны жоқ зат. Назарларыңызға оны үй жағдайында пайдалануға мүмкіндік беретін бірнеше кеңес ұсынамыз.

1. Тазартқыш құралдардың орнына. Мұндай көп қызметті тазартқышты 2/3 стақан суға 1/3 сірке қышқылы мен 2 ас қасық ыдыс жуатын құралды қосу арқылы қол жеткізуге болады.

2. Шәугім түбіндегі қақты кетіру үшін. Қақ тұрып қалған ыдысқа су мен сірке суын құйып, аз қайнатса жеткілікті. Артынша бірнеше сағатқа қалдырып, таза сумен шаю қажет.

3. Нан салатын ыдыстың көгеріп кетуін алдын алуда. Аптасына 1-2 рет сірке қышқылын суға араластырып сүртіп тұрсаңыз жеткілікті.

4. Жұмыртқа асқанда. Жұмыртқаны қайнатпас бұрын аз сірке қышқылын қосып жіберсеңіз, қабығы шытынамайтын болады.

5. Терезені жууда. Алдымен сірке қышқылы қосылған сумен сүртіп, артынша құрғақ шүберекпен тазарту қажет. Осылайша терезеңіз айнадай жарқырайды.

6. Жағымсыз иістен арылуда Ол үшін бөлме ішіне сірке қышқылы құйылған ыдысты қойып қойсаңыз жеткілікті. Ыдыстың қақпағы ашық тұруы тиіс. Тоңазытқыштағы жағымсыз иісті кетіру үшін де осылай жасауға болады.

7. Гүлдер үшін. Олардың өмірін ұзартамын десеңіз, суға аз сірке қышқылы мен қант қосу қажет.

8. Майлы табаны тазартуда. Егер қазан мен табаны тазарта алмасаңыз, ішіне бір стақан су, сірке қышқылын араластырып құйып, 5 минут бойы қайнатыңыз.

9. Аяқ киімдегі жағымсыз иісті кетіруде. Туфлидің ішкі бөлігін сірке қышқылымен сүртіңіз.

10. Кеуіп қалған фломастерлерді қайта қалпына келтіруде. Оларға екінші өмір сыйлау үшін 1-2 тамшы тамызу жеткілікті.

Ал Сіз бұдан өзге сірке суын қандай мақсатта пайдаланасыз? Немесе жоғарыда аталған кеңестердің қайсысын тексеріп көрген едіңіз?

Сурет: rumbur.ru

Қ. Бүйенбай