Ваннаның ішін қалай ағартуға болады?

Ваннаның ішін қалай ағартуға болады?

Ваннаны ағарту үшін:

- кальцийленген сода;

- су;

- ағартқыш құрал;

- сірке суы қажет.

1. Суға 2 ас қасық кальцийленген сода қосып араластырыңыз.

2. 5-10 минут уақыт өткен соң 50 грамм сірке суы мен 50 грамм ағартқышты қосып араластырыңыз. Осы қоспамен ваннаңызды жуыңыз.

3. 30 минуттан кейін ваннаны таза сумен шайыңыз.

Дәл осы рәсімнен кейін жуынатын бөлмеңіз жалтырайды.  

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: septicland.ru

Қ. Бүйенбай