Ананың жауабы

Ананың жауабы

Мектеп оқушысының ойынан мына бір іс кетпей-ақ қойды. Оның парталасы емтиханда үнемі бірінші болады, ал өзі 21-ші болады.

Ол үйіне қайтқаннан кейін: «Шеше, мен басқа оқушыларға қарағанда басым істемей ме? Мұғалімнің сабағын бір сыныпта отырып тең тыңдаймын, тапсырманы мұқият орындаймын, сонда да неге оның артында қаламын?» деп сұрады. Шешесі оның сөздеріне намыстануды біле бастағанын, сыныптағы балалардың қатарға тұрғызыла бастауы оның намысын оятты деп қарады әрі не деп жауап берерін білмей дал болды.

Келесі бір емтиханда ол 17-шы болып қалды, ал парталасы тағы бірінші болды. Үйіне қайтқаннан кейін шешесінен әлгі сұрауды тағы сұрады, шешесі емтиханда бірінші болғандардың басқа балалардан зейіні жоғары, миы өткір болады деп айтпақшы болса да, аузынан шығармады. Өйткені, бұл ұлы естуге тиісті жауап емес қой.

Ұлының сұрағына не деп жауап беру керек? Ол кейде көптеген ата-аналар сияқты – сен өте ойынпазсың, басқалар сияқты тырыспайсың, үйренуге көңіл қоймайсың деп құтылмақшы болды, бірақ, ұлы сияқты оқу нәтижесі төмендеу балалардың тартып жүрген жапасы да аз емес. Анасы ұлының сұрағына қанағаттанарлық жауап табуға бел байлады.

Ұлы 6-шы сыныпты бітірді. Ол қанша тырысса да, әлгі парталасына жете алмады. Дегенмен аз да болса ілгерлеу болды. Шешесі ұлының алға басқандығына қуанып, бір күні теңіз жағасына апарып ойнатып жүрді. Сол жолғы саяхат шешесіне жақсы жауап тауып берді.

Қазір ұлы өзінің нешінші болуынан алаңдамайтын, ешкім одан бастауыш сыныптарда оқып жүргенде нешінші орында едің деп сұрамайтын еді, өйткені ол былтыр жоғары мектеп емтиханында бірінші болып елдегі ең атақты университетке өтіп кетті. Қыстық демалыста ана мектебі оны мектептегі оқушыларға және ата-аналарға лекция жасауға шақырды. Сол жиында, баласы өзінің кішкентай кезіндегі қысқа ғана әңгімесін айтып берді: «Шешем екеуміз теңіз қайраңында демалып отырдық. Шешем маған теңіз жағасындағы жемге бола таласып жатқан құстарды нұсқап, ана біреу сұрғылт құстарға қарашы, олар толқын келген кезде шапшаңдықпен аспанға көтеріліп кетеді, ал анау бір балықшы құстар ебедейсіз болғандықтан толқыннан қашып аспанға көтеріле алмайды да, суға көміліп қала береді. Ал, алыс теңіз-мұхиттарға сапар шегіп, сол сапарды кесіп өте алатындар тағы сол ебедейсіз балықшы құстар екен», - деді.

Оның сөзінен көптеген ата-ана көзіне ыстық жас алды. Әрине, олардың ортасында оның шешесі де бар болатын.

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: nipic.com

M. Auelkhan