- Негізгі бет
- Шаңырақ
- 1 жас 6...
1 жас 6 айға толған баланың дамуы
Фото:
Taush.O
1 жас 6 айға толғанда баланы балабақшаға беруге болады. Осы жастағы дені сау бала не істей алуы керек?
- Заттарды пішініне, көлеміне, түсіне қарай ажырату:
- Дөңгелек пен төртбұрыштыны ажырата алады, ересек адам сұрағанда қайсысы дөңгелек, қайсысы төртбұрыш екенін тауып береді.
- Үлкен, кіші заттарды бір-бірінен ажыратады. Ересек адам алдымен "мынау кіші, мынау үлкен" деп үйретуі керек.
- Пирамида құра алады.
- Екі-үш түсті біледі. "Мына түсті тауып бер" деген сөзге түсінеді.
- Қағазға тіке, дөңгелек сызықтар салады.
- Ойын:
- Кітаптың беттерін парақтап, былдырлап оқиды.
- Дөңгелегі бар заттарды итеріп жүреді. Бауы бар ойыншықтарды сүйрейді. Ойнап жатқан кезінде бір-екі әрекетті жиі қайталайды, мысалы, қуыршақты ұйықтатады, тамақтандырады.
- Іс-қимыл:
- Біреу жылап жатқанда аяп, өзі де қосылып жылайды.
- Жылап жатып, күле салады. Күліп жатып, жылай салады.
- Басқа кішкентай балалармен жақсы ойнайды.
- Өз ойыншығын басқа балаға бермейді, алып қойған жағдайда тартып алады.
- Ересек адамның назарын іс-қимылымен, жылап, қолынан тартып өзіне аудартады.
- Ересек адамдармен жақсы қарым-қатынас жасайды. Олардың іс-қимылын қуана бақылайды.
- Анасы бір жаққа кететін болса, жылайды. Біраз уақыт сағынып отырады.
- Бір ойыншықты екінші ойыншыққа салғанда қуанады. Істей алмаса жылап, айғайлап, шыңғырады.
- Әнді естісе билейді.
- Тілі:
- Ересек адам сұрағанда дене мүшесін көрсетеді. "Басың қайсы?", "Мұрның қайсы?" секілді сұрақтарға басын, мұрнын көрсетіп жауап береді.
- Көп сөзді, көп сөйлемді түсінеді.
- Ересек адам сұраған іс-әрекетті істейді. "Отыр", "тұр", "жүр", т.б. сөздерді түсінеді.
- 40-қа дейін қысқа сөздерді айтады.
- Айтқан сөзін қимылымен түсіндіреді. Мысалы, "жүр" деп ересек адамды қолынан тартқылайды, т.б.
- Басқа да әрекеті:
- Қасықты қолымен ұстап, өздігінен тамақтанады.
- Шыныдан төкпей іше алады.
- Физиологиялық қажеттіліктерін ересек адамға айта алады.
- Жуындырған кезде қорықпайды.
- Физикалық дамуы:
- Өзі жүреді.
- Алдындағы заттан аттайды.
- Сатыға шығып, түседі.
- Орындықта өздігінен отырады.
- Допты жоғарыға, төменге лақтырады.