- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Тауэр көпірінің жаяу...
Тауэр көпірінің жаяу жүргінші жолы әйнектен жасалды
2014 жылы Тауэр көпірі (Tower Bridge) тағы бір ерекше дүниемен толысты. Көпір бұған дейін өзінің ашылып-жабылмалы асфальт жолағымен танымал болатын. Бүгінде көпір жоғарғы жаяу жүргінші жолының әйнектен жасалғандығымен белгілі.
Қалыңдығы 10 сантиметр әйнек жол Лондон қаласының қазынасына 1 миллион фунт стерлингке түскен. Ол шамамен долларға шаққанда 1,5 миллон долларды құрайды. Әйнек жолдың ені – 2 метр, ал ұзындығы – 11 метр. Ол 44 метр биіктікте орналасқан. Осыдан бірер уақыт бұрын туристерге жаяу жүргінші жол көрмесіне кіруге тыйым салынған болатын. Ал бүгінгі күндері турист 14 долларға көрмені еркін аралап, қала көрінісін тамашалай алады.
Жыл сайын Тауэр көпіріне (Tower Bridge) 600 000-нан астам турист келеді. Осыған байланысты Лондон қаласының шенеуніктері жаяу жүргінші жолының едені әйнектен жасалғандығы көпірге келушілердің қатарын екі есеге көбейтеді деп есептейді.
Оқи отырыңыз:
Ағаш төбесінде орналасқан мейрамхана
Жер шарын жойып жібере жаздаған 4 сынақ
"Sony World Photography Awards 2015" байқауы
Суртет: www.terra-z
Н. Нұрмаханұлы