Ағаш төбесінде орналасқан мейрамхана

Ағаш төбесінде орналасқан мейрамхана

Өзге мейрамханаларға мүлдем ұқсамайтын Yellow Treehousе мейрамханасы ағаш төбесінде орналасқан. Онда келген келушілер жоғары дәрежелі қызмет көрсетуге ие болады. Онымен қоймай тағамның сан алуан түрінен нәр татады. Yellow Treehousе Жаңа Зеландиядағы Окленд қаласына жақын маңда ашылған.

Егер сіз осы бір ағаштың қасынан өтіп бара жатқан болсаңыз, оны бір қарағанда мейрамхана екенін байқамай қалуыңыз мүмкін. Өйткені мейрамхананың сыртқы бөлігі ағаш кескінімен қоршалған.

Мейрамханадағы ас ішетін залдың көлемі 9 шаршы метр. Мұнда бір уақытта 18 келуші еркін сыйып кетеді. Мейрамхананың ас бөлмесі мен дәретханасы бірінші қабатта орналасқан. Үстіңгі қабатқа арнайы тұғыр арқылы көтеріледі.  

Ужин на дереве: ресторан Yellow Treehouse (Новая Зеландия)

Бұл таңғажайып жобаны Жаңа Зеландияның «Pacific Environments» студиясының дизайнерлері Питер Эизинг пен Люси Гонтлетд жүзеге асырған. Мейрамхана небары 4 ай ішінде соғылыпты. Сөйтіп 2008 жылдың бас кезінен бастап, ол өзінің алғашқы келушілерін қабылдай бастаған.

Ужин на дереве: ресторан Yellow Treehouse (Новая Зеландия)

Мейрамхананың тағы бір ерекшелігі ретінде оның қабырғасын айтса болады. Ол терек тақтайшасынан жасалған. Осылайша, мейрамхана әрдайым таза әрі жарық бола түседі. Сонымен қатар Yellow Treehousе орманда болғандықтан, табиғат әлеміне бір табан жақын.

Ужин на дереве: ресторан Yellow Treehouse (Новая Зеландия)

Қазіргі таңда бұл мекен ел меймандарын күтетін, Окленд қаласының қонақжайлы орнына айналған. Мейрамханаға тамақтану үшін келушілер алдын ала екі-үш ай бұрын тапсырыс жасайды.

Оқи отырыңыз: 

Әлемдегі 10 ірі оғаш Гиннес рекорды

Тау басына салынған кішкене үйшік

Индонезия 10 жылда әлемді таң қалдырды

Бұл көпірді салуға 26 миллион кірпіш жұмсалған

Сурет: www.redwoodstreehouse.co.nz

Н. Нұрмаханұлы