- Негізгі бет
- Саяхатты сүйемін
- Бозарып таң атқанда......
Бозарып таң атқанда...
Кез келген түннен кейін міндетті түрде бозарып таң атады. Таң – жер бетінің жаңаша кейіпке енетін кезі. Таң – тәуліктің ең әдемі, ең жұмбақ, ең көп күтілетін сәті. Таң – жаңа күннің басталатынын білдіретін, жаңа мақсатқа, жаңа арманға, қиялға жетелейтін таңғажайып құбылыс...
Есіңізге түсіріңізші, сіз көкжиектен енді ғана көтеріліп келе жатқан күнді қашан қарсы алдыңыз? Шыққан күнге қуанып па едіңіз? Сіздің есіңізде жоқ... Ал бір адамдар сондай ғажайып таңды қарсы алу үшін ғаламшардың ең керемет деген бұрыштарын арнайы іздеп барады. Суретке түседі, таңнан бақыт табады.
Назарларыңызға рауанды тамашалауға болатын ең таңдаулы мекендердің тізімін ұсынғымыз келеді. Кім білсін, сіздің бір таңыңыз дәл осы жерде атып қалар...
1. Гиза пирамидалары, Каир қаласының айналасы. Әлемнің жеті кереметі саналатын ұлы пирамидалармен бірге таңды қарсы алу...
2. Эверест тауы (Джомолунгма), Непал. Әлемнің ең биік шыңындағы таңның мәңгі есте қалары анық...
3. Эйфель мұнарасы. Махаббат қаласындағы әлемге кең танылған ескерткіш жаңа махаббат сыйласа таңғалмаңыз...
4. Ұлы Қытай қорғаны. Ежелден-ақ, Қытай империясы үшін бақыт пен жұмбаққа жол ашып келе жатқан құрылыс...
5. Тәж-Махал, Үндістан. Жамуна өзенінің жағасынан орын тепкен мешітте талай ғашық жан таңдарын қарсы алып жүр...
6. Тонга. Полинезиядағы тынықмұхиттық мемлекет.
7. Гранд-Каньон, АҚШ, Аризона штаты. Әлемдегі ең терең шатқалдардың біріндегі таңды армандайсыз ба?
8. Рио-де-Жанейро, Бразилия. Бразилияның жүрегінде жатқан "ғажайыптар қаласында" таңғажайып оқиғалар орын алатынына сеніңіз...
9. Орталық саябақ, Нью-Йорк. Манхэттен аралығындағы танымал саябақта барлық күніңіз қызықты өтеді...
10. Лондон көзі, Ұлыбритания. Лондон көзіне де, таңына да бір көргеннен ғашық боласыз...
11. Алматы, Қазақстан. Алма мен ақ жауынның қаласындағы таң армандарға жетелейді...
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com, sunhome.ru, yvision.kz