Адамдардың көмегінсіз жұмыс істейтін 10 әуежай

Адамдардың көмегінсіз жұмыс істейтін 10 әуежай

Технология дамыған заманда қалалардың әуежайлары да ерекше дамып жатыр. Заманауи әуежайларға қызметшілердің қажеті жоқ. Рейске тіркелу, жүкті өткізу, ұшаққа өздігінен отыру секілді мәселелерді адамдар өздері реттей алады. Бұл үшін 2D-код, NFC, кең етек жайған интернет көмектеседі.

Туристік мекемелерді зерттейтін Aviasales.ru әлемнің жоғары деңгейде технологиямен жабдықталған 100 әуежайына зерттеу жүргізген. Бұл, дәлірек айтқанда, Skytrax 2013 нұсқасы. Олардың барлығында дерлік өздігінен тіркелу киоскісі, QR-кодтарды шығаратын принтер, автоматты түрде жүкті тасымалдау, мобильді сайттар, смартфондарға арналған қамтамалар, тегін интернет, интернет киоскісі, оларды қуаттандыруға арналған стансылар бар.

Осы ерекшеліктерді топтастыра келіп Aviasales.ru басқаларына қарағанда әлдеқайда ілгері кеткен 10 әуежайды атады. Бұл әуежайлардың ішінде қауіпсіздікті бақылаудан басқасы машиналардың құзырына берілген. Мұнымен қатар ешбір адаммен тілдесуді қажет етпейді. Тіпті, супермаркеттердің кассасы автоматтандырылған, ал дәретхананың тазалығын бір ғана тетікті басып ретке келтіруге болады.

Тек жүкті автоматты түрде тасымалдауда аз кемшіліктер бар. Оның автоматтандырылған түрін немістердің Франкфурт, Мюнхен, Гамбург, лондондық Хитроу, амстердамдық Схипхол әуежайларынан кездестіруге болады. 

Жүкті автоматты түрде тасымалдау ең алғаш Схипхол әуежайында пайда болған. Жолаушылар жүгін құбырға қояды да талондарын сканерлеп, жүк биркасын алады. Артынша бирканы қолдарына іліп қояды.

Мұнан өзге ұялы телефонның қамтамалары арқылы тіркеуден өте алады. Бұл үшін бар болғаны әуежай компаниясының бағдарламасын телефонға жүктеп алу. Жол талоны Apple Passbook-те сақталады. Оны әуежайға барғанда экранға жанастырып сканерлесе болғаны. Алайда кейбір әуежайларда бұл жүйе толықтай іске қосылмаған. Сол себепті телефонға сақталған талонды қағазға басып шығару қажет.

Таңғалдыратыны көптеген әуежайлардың телефонға орнатуға болатын толыққанды бағдарламалары жоқ. Әуежайдың сайтына кірісімен ұшақтарды ұшу уақытын бірден таба алмай қиналады. Ал iChangi секілді бағдарламасы бар сингапурлік әуежай мәлімет ғана беріп қоймай, ұшу уақытын еске түсіріп отырады.

Aviasales.ru рейтінгісіне кірген 10 әуежайда тегін Wi-Fi бар. Ал Франкфурт секілді әуежайларда алғашқы 30 минуты ғана тегін.  Қалған уақытқа ақша төлеу керек.

Назарларыңызға жоғарғы деңгейдегі технологиямен жабдықталған 10 әуежайды ұсынамыз:

Amsterdam Schiphol Airport (AMS)
Frankfurt Airport (FRA)
Munich Airport (MUC)
Zurich Airport (ZRH)
Vancouver International Airport (YVR)
Hamburg Airport (HAM)
Singapore Changi Airport (SIN)
London Heathrow Airport (LHR)
Incheon International Airport (ICN)
Beijing Capital International Airport (PEK)

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет:umbr.ru

Қ. Бүйенбай