Ғажап қорғаныс материалы

Жақында "Tech 21" компаниясы ғажап қорғаныс материалын ойлап тапты.

Сыртқы түрі жұмсақ, былқылдақ, иілмелі-созылмалы ермексазға келетін материалды қолға қойып, үстінен балғамен ұрып көрсеңіз, таңғаласыз. Қолыңызға дым да болмайды. Еш жарақат, бірде-бір сызат түспейді. 

Аталған материал саусақ орап, оның үстінен ұру үшін, не болмаса сиқыр мен ермек қылу мақсатында пайда болмаған.

Өнертапқыштар болашақта ғажап материалдың тұрмыстағы электронды заттарды қорғауда өте-мөте қажет болатынын айтады. Және сол үшін де ойлап тапқан. Өкінішті-ақ, адам қолында ермек бола тұрсын...

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/j4uMTZWh0Rc","width":"450","height":"240"});

сурет:vistpro.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек