Work and travel: Жолға жиналу

Work and travel: Жолға жиналу
Фото: pechakucha-kyiv.com

Визаңыз қолыңызға тиген бойда, Америкаға билетті де алып үлгергеніңіз анық. Жолға жиналардан бұрын, бұл бағдарламаға қатысушыларды чемоданға не салсам болады деген сұрақтар мазалайды. Ендеше, қатысушылар арасында жиі қойылатын сұрақтарға жауап біз жауап береміз:

1. Чемоданның үлкен болғаны дұрыс па?
Үлкен чемодан алған соң, елден кетпестен бұрын оның ішін толтырып аласыз. Оны тасу, көтеру, сүйреу мұның бәрі уақытты алады. Бірнеше сағат бойына ұшып, шаршап бөтен елдің топырағын басасыз. Жиналып жатқанда бәрі керек секілді көрінеді. Сондықтан, алдын-ала тізім жасаңыз. Баратын штатыңыздың ауа-райына шағын зерттеу жүргізіңіз. Егер жауынды аймаққа бара жатырсаңыз, міндетті түрде қалың киімді алуды ұмытпаңыз.

Ал, чемодан мөлшеріне келсек, орташасы да жеткілікті. Америкаға барған соң, үлкен сөмкені алуға мүмкіндігіңз де, уақытыңыз да болады.

2. Дәрі-дәрмек аламын ба?
АҚШ-та барлық дәрі тек дәрігердің рұқсатымен беріледі. Демек, тұмауратсаңыз, қызуыңыз көтерілсе сіз дәрігерге баруға мәжбүр боласыз. Ал, АҚШ-та жедел жәрдем қызметін қолдану  200-300 АҚШ долларына тең. Сондықтан, елден шықпай тұрып, дәрі-дәрмек алыңыз. Қызуға, жөтелге, асқазанға арналған дәрімен бірге, мақта, дәке мен йодты да ұмытпаңыз.

3. Тамақ алып кетсек дұрыс па?
«Пайдалы тағам байларға». Дәл осындай әзілді ұрандататындар бар. Шынымен, АҚШ-та қарақұмық, күріш секілді тағам түрлері қымбатырақ. Сондықтан, мүмкіндігіңіз болса пайдалы азықтарды алыңыз. Дегенмен, қазі-қарта, жал-жая, шұбат секілді өнімдер 1 күнге жуық жолдың кесірінен бұзылып кетуі әбден мүмкін. Ет өнімдерін тексерістен өткізбейтінін де естен шығармаңыз. 

4. Мен линза тағамын. Оның арнайы сұйықтығын не істесем болады?
Әр ұшақта багаж және өзіңізбен бірге ұшаққа алып кіруге болатын заттар бар. Билет алмастан бұрын қанша багаж, қанша мөлшерде шектеу барын біліп алыңыз. Ал, көп әуежайда тек 1л көлемдегі сұйықтықты алып өту ғана рұқсат етілген. Сондықтан, кішкен ыдысқа қолданатын сұйықтықты құйып алыңыз. Қалғанын, багажға салғаныңыз дұрыс.

5. Ақша туралы не айтасыздар?
Өзіңізбен бірге қосымша кем дегенде 800 АҚШ долларын алып барыңыз. Діттеген штатқа жету үшін автобусқа мінетініңіз анық. Метромен жүресіз. Бастапқы жалақыны алғанша өмір сүруге қажетті қаражатты ала барыңыз.

Жазыңыз сәтті өтсін! Құжаттарыңызды естен шығармаңыз!

Т. Есқали