Саяхатшы Оңтүстік Африка үстінен қарапайым шарлармен ұшып өтті

Саяхатшы Оңтүстік Африка үстінен қарапайым шарлармен ұшып өтті
Фото: vk.com

Ұлыбританиялық саяхатшы әрі The Adventurists агенттігінің негізін қалаушы Тим Морган Оңтүстік Африка үстінен қарапайым шарлармен 25 километр ұшып өтті. Оған дейін Морган мырза Ботсвана республикасы үстінен осылай ұшып өтуге бірнеше рет талпыныс жасаған, бірақ онысы нәтижесіз болыпты.

Гельді шарларды үріп, дайындауға саяхатшының 2 күн уақыты кеткен. "Ең қиын болғаны – ыңғайлы ауа райын күту болды. Шарлар үнемі жарылып жатты, оның алдын-алу мүмкін болмады",– дейді Тим Морган айрықша саяхаты туралы.

Би-би-си хабарлауы бойынша, Морган 2400 метр (8000 фут) биіктікке көтерілген. Осы қашықтыққа жеткен соң, шарларды бір-бірден жарып, ақырын төмен түсе бастаған. Саяхатшының айтуынша, шармен ұшу, бір жағынан, ол үшін үлкен сын болса, екінші жағынан, зор серпіліс алып келген.

А. Оралқызы