Қиял мекені Диснейлендтің алғашқы картасы сатылды

Диснейлендтің ең алғашқы картасы 708 мың АҚШ долларына сатылды. Картаның осыншама қымбатқа сатылуының бірден-бір себебі – оны Уолт Дисней өз қолымен сызған. Бәссауданы ұйымдастырған Van Eaton галереясы лотты алғашында 900 мың АҚШ долларына бағалаған болып шықты. 

Диснейленд картасын Уолт Дисней 1953 жылы Херб Райан есімді суретшімен бірлесе отырып жасаған. Олар сызбаны болашақ парктың жоспары ретінде салымшыларға көрсету мақсатында арнайы салған екен. Диснейлендтің бірінші паркі карта сызылған уақыттан 2 жыл өткенде Калифорнияда құрылған болатын. 

Жалпы, Диснейленд сегіз тематикалық «ел» немесе аумақтан тұрады, олардың әрқайсысында түрлі аттракцион, дүкендер, ресторандар мен сахналар бар. 1957 және 1961 жылдар аралығында паркте тоғызыншы аумақ жұмыс істеген еді. Ол «Мерекелер елі» деп аталды.