Парижге қалай тегін жетуге болады?

Парижді көрген де арманда, көрмеген де арманда..  Ал оған қалай тегін жетуге болады? Оның мынадай жақсы амалы бар.

Бір күні ұлы француз сатиригі, «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының авторы Франсуа Рабле Лион қаласынан Парижге бармақ болады. Бірақ қай заманның жақсысы тиынға жарыған? Жол жүруге ақшасы жоқ екен.

Содан, Рабле қонақүй бөлмесіндегі көзге оңай түсер жерге 3 қалташа тастап кетеді. Олардың сыртында «Патшаға арналған у», «Патшайымға арналған у» және «Дофинге арналған у» деген жазу болады. Бұл қалташаларды тауып алған қонақүй қожайыны жағдайды дереу билік басындағыларға жеткізеді.

Көп кешікпей шекпенділер Раблені қолға түсіріп, жазушының болашақ өміріне қатысты шешім қабылдау мақсатында бірден  Франциск I патшаның алдына алып барады.

Бірақ, кейін белгілі болғандай, қалташалардың ішіндегі зат қарапайым қант болып шығады. Франциск I патшамен жақын дос болған Франсуа осындай қулықпен Парижге жетіп алуды көздегенін айтады.

Сондықтан Парижге баруды армандап жүрсеңіз, бір амалын ұсындық.