Саяхатқа шыққан кезде нені ескеру керек

Саяхат маусымы келе жатыр. Егер шетелге демалуды көздеп жүрсеңіз, сол жердің заңымен танысып алғаныңыз дұрыс. Мысалы біз үшін қалыпты жағдайлар, өзге елде өрескел заң бұзушылық болып саналуы мүмкін. Ендеше төмендегі қызық ерекшеліктермен таныс бола отырыңыздар.

Күліңіз, бұл Италия!

Миланның кез келген жерінде, үнемі күліп жүрру керек. Ал езуіңізді жиюға ауруханаға барғанда және біреу қаза болған кезде ғана рұқсат.

Жарқыраған Италия үшін бұл заң орынды сияқты, себебі күлкі өмірдің көркеюіне әсер етеді емес пе?

Сағат түнгі 22:00 ден кейін унитаз суын ағызуға болмайды! Бұл — Швейцария

Швейцарияда заң жүзінде түнгі 22:00 ден кейін көпқабатты үйлерде дәретхананың суын ағызуға тыйым салған екен. Бұл көршілерге деген құрметтің белгісі. Сол үшін мамандар судың дыбысы шықпайтын техника ұсынады.

Өрт кезінді тамақтанбаңыз! Бұл – АҚШ

Чикагода өртке оранған ғимарат ішінде аузыңызға тамақ алушы болмаңыз. Бұл жақта тіл үйіретін ғажайып пицца мен тәтті десертте ақталуға себеп емес.

Сингапурда сағыз шайнамаңыз!

2004 жылдан бері бұл елде сағыз тасымалдауға тыйым салынған екен. Тек дәріханаларда дәрігердің нұсқауы арқылы берілетін емдік сағыздар сатылады екен.

Метро есіктеріне жабыстырып кететін сағыздар электропоездің жұмыс істеуіне кедергі келтіргендіктен, осылай тиым салуға мәжбүр болыпты.

Дереккөз: ikerim.kz