Франция елінің ғаламаты

Иә, ғашықтардың ордасына айналған Франция елінің өзіндік кереметі өзіне де өзге елге де жетерлік. Талайды таңқалдырарлық елдің өзіндік ордалары мен қалаларының болмыс бітімін кімде болса көз жеткізбесе, сөзбен жеткізе алмайтыны тағы бар. Үлкен тарихтың жетегінде жүрген бұл елді сонау дүниежүзі тарихынан бастап білеміз десек артық айтпағандығымыз.

Бонапарт кезеңінен аты әуелеп келе жатқан тарихи елдің теңдесіз мұрасы– рухани астанасында. Иә, рухани астана –Париж қаласы. Ғашықтардың нышанына айналған Эйфель мұнарасы. Өзінің әйгілі құрастырушысы Густав Эйфельдің атымен аталған. Париждің бұл нышаны уақытша ғимарат ретінде, 1889 жылғы әлемдік көрменің кіреберіс дарбазасы қызметін атқару үшін жобаланып салынған болатын. Манхеттендегі Крайслер салынғанға дейін 40 жыл бойы әлемдегі ең биік мұнарасы болып саналды. 15 ғасырдан бастап тарихи ескерткіштерге көптеп мән бере бастаған бұл ел әлі күнге дейін өзін құнын жоғалтқан емес. 20 ғасырларда салынған Азе-Ле-Ридо, Шамбор сынды ұлттық құндылықтары көз жауын аларлықтай сұлулыққа ие. 

Астанасы : Париж қаласы 
Ұлттық тілі:француз 
Диалектісі мен тілдік ерекшеліктері: бретон,каталон,корсикан,креольск т.б. 
Діні: христиан 
Басқару жүйесі: Президенттік-парламент 
Аумағы:674,843 км 
Халық саны: 63,350,000 (2012 жылғы санақ бойынша) 
Ұлттық теңгерімі: евро 
Еуропа елдерінің ішіндегі ең ірісі Ресей мен Украин елдерінен кейін. 
Күнделікті Франция елінде 8 млн бөтелке вино шығарылады.Әлем бойынша вино шығарудан алдыңғы орында. 
Франция Диснейлэнд ойын бағы бар жалғыз мемлекет. 
Әлемді 3 апта бойы таң қалдырарлық Tour de France ойындары осы елде ойнатылады. 
Әскери құрам жағынан әлем бойынша Франция елі 6-орынды алады. 
1930 жылы Нью-Йорк елінде Chrysler салынбағанша 41 жыл бойына Париждің Эйфель мұнарасы әлем бойынша бірінші орынды бермеген. 
Франция елі донор болу жағынан әлем бойынша 2-орында алып отырған керемет ел. 
Жол түсіп жатса, саяхат жасаудың ешқандай артықшылығы болмайтынын ескеріп, керемет елдің тынысы мен тіршілігін көріп қайтқанға не жетсін. Айтылған дүниелерден де басқа керемет сый құрметі жетерлік елдің сіз бен біз білмейтін дүниелері өзінше көп екенін ескеріп, қайда жүрсек те өз еліміздің ұлттық құндылықтарын ұмытпайық дегіміз келеді.