Қазақстандағы баруға міндетті 50 орын

Іле Алатауы

Іле Алатауы - Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігіндегі жота. Географиялық карталарда Іле Алатауы жотасы шығыстағы Шілік  өзенінен батыста Шу өзеніне дейін созылып жатыр. Бұл аймақтарда оның жалпы ұзындығы 280 шақырымды құрайды. Тау сілемдерінің айтарлықтай бөлігінің ұшар шыңын «мәңгі» қар басқан. Оның  150 шақырымға дейінгі аралығын соңғы уақытта қалыптасқан мұздықтар құрайды. Іле Алатауының орталық бөлігінің биіктігі 3200 метрден асса, бірқатар шыңдары, атап айтсақ, Талғар шыңының биіктігі (Н-4978) шамасында. Талғар шыңын қоршай бірнеше 4500 метр биіктіктен асатын шыңдар шоғырланған. Іле Алатауының бұл орталық бөлігі Талғар тау торабы деп аталады.

Қайыңды көлі

Алматы облысында теңіз деңгейінен 1900 метр биіктікте орналасқан су ортасында өсіп тұрған шыршаларымен танымал  өзен. Су айдыны тек қайың ормандар қоршағандықтан айнала Қайыңды (қайыңы мол жер) деп аталған. Қайыңды көл 1910 жылғы алапат жер сілкінісінің нәтижесінде пайда болды. Жер тербелуі нәтижесінен болған тау бөктеріндегі үлкен шұңқырға су жиналып тоғанға айналған. Қайыңдыда дайвингпен және суасты түсірілімімен айналысуға болады.  Судың жоғары  температурасы +6 градусқа дейін көтеріледі.  Жалпы, жаз айларында мұндағы  ауа райының орташа температурасы +23 градусты көрсетіп тұрады. Көлдің қазіргі таңда ұзындығы 400 метрді құраса, су айдынының тереңдігі - 21 метр. 

Шарын шатқалы

Шарын шатқалы Шарын өзені бойымен солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа 154 км созылып жатыр. Шатқал Алматы қаласынан 195 шақырым шығысқа қарай орналасқан. 2004 жылдың 23 cәуірінде құрылған Шарын ұлттық паркінің құрамына кіреді. Шарын шатқалы жасы 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстардан қалыптасқан табиғат ескерткіш. Шарын шатқалы - Қазақстанның көрікті жерлерінің бірі. Шарын шатқалы табиғатының әсемдігі мен көзтартар ерекше сұлулығымен белгілі. Шарын шатқалында биіктігі 150-300 метрге дейін жететін «Қамалдар аңғары», «Жалмауыз кемпір шатқалы» және т.б. құмды жарлар бар. 


Катон-Қарағай

Шығыс Қазақстан облысының Катон-Қарағай ауданында орналасқан ауыл. Мұнда ұлттық табиғи парк пен қорық бар. Мұнда ормандар субальпілік шалғынмен астасып, өзен-көлдері тауларға ұласып жатқан әдемі табиғат бар. Қорық жан-жақты фаунасымен де мақтана алады. Мұнда бұғы, аю, марал, бұлғын, ақ тышқан және өзге де сирек кездесетін жануарлар мен аңдар тіршілік етеді. Көк көл кеніші мен Рахман бұлағы да осы аймақта орналасқан.


 

Бурабай

Бурабай - әсем табиғатымен, ондаған емдеу орталықтары және таза ауасымен танылған Қазақстанның ең атақты курорты. Мұнда жазда  көлдің жағасында тамаша демалыс жасауға, ал, қыста спорттық ойындармен айналысуға мүмкіндік зор. Бурабайдың негізгі көрікті жері ретінде бір жағынан қарасаң кемпірді, екінші жағынан бойжеткенді көруге болатын Жұмбақтас саналады.


 

Мерке ғибадатханасы

Мерке – теңіз деңгейінен 3000 метр жоғары орналасқан Жамбыл облысы, Мерке елді мекеніндегі ғибадатхана. Мұнда бүгінге дейін сақталып қалған 70-ке тарта ескерткіш бар. Ескерткіштер Жетісу тарихының барлық кезеңдерін бейнелейді. Қатар тұрған Мерке және Жайсан ғибадатханалары «Дауалы жер» саналады. Мұнда дертінен айыққысы келген, ұрпақ сұраған жұрт жиі келеді.


Көлсай көлдері

Көлсай көлдері – Күнгей Алатауының Күрметі және Саты асуларынан бастау алатын кішігірім өзендер суынан пайда болған 3 көл. Көлдер Алматы облысы, Райымбек ауданы аумағында  Қырғызстан шекарасынан солтүстікке қарай 10 шақырым, Алматының оңтүстік-шығысынан 330 шақырым жерде орналасқан.  Жоғары Көлсай теңіз деңгейінен 3000 метрге жуық, Орта Көлсай (Қайыңды) 2600 метр және Төменгі Көлсай 2130 метр биіктікте орналасқан. 

Каспий теңізі

Каспий теңізі - Еуропа мен Азия аралығында орналасқан Жер шарындағы ең үлкен тұйық көл. Үлкендігіне қарап, оны теңіз деп атайды.  Теңіз деңгейі үнемі өзгеріп тұрады. 2009 жылғы дерек бойынша, теңіз деңгейі 27,16 метр төмен болған. Каспий теңізінің жалпы ауданы 371 мың км 2.

Марқакөл

Шығыс Қазақстан облысында орналасқан әдемі көлдердің бірі. Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Суының мөлдірлігі мен көлді айналдыра қоршаған биік таулардың және әсем шыршалардың келбеті табиғатқа керемет көрініс береді. Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ, қысы қатаң, ал, жазы жай ғана жылы болып келеді. 

Байқоңыр

Байқоңыр – әлемдегі ең алғашқы әрі ең ірі ғарыш айлағы.  Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының аумағында орналасқан.

Бекет ата жерасты мешіті

Батыс Қазақстандағы көп әулиелердің бірі - Бекет ата Мырзағұлұлы. Бекет атаның білімдарлық, батырлық, әділдік, еңбексүйгіштік, абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған. Халық оны айрықша қадірлеп, әулие тұтқан.  Бекет атаның төрт мешіті бар. Бекет Ата ескерткішінің бірі - Жем өзені бойындағы Ақмешітте, Құлсары қаласына жақын жерде. Екіншісі - Ескі Бейнеуде, ұлутасты шатқалға қашалған. Үшіншісі Тобықты жерінде, төртіншісі Оғландыда орналасқан.

Жаркент мешіті

Жаркент мешіті – Алматы облысы, Жаркент қаласында салынған ескерткіш. 1892 жылы тұрғызылған ескерткіштің сәулетшісі - Хон-Пик.

Әуенді бархан

Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан бұл құмды тау жел болғанда «ән» салуымен ерекшеленеді. Құмның дауысы бірнеше шақырым жетеді және органның дауысын еске түсіреді. «Әуенді бархан» ерекше әсер береді.

Маңғыстаудағы Бозжыра

Бозжыра шатқалы Маңғыстау облысы, Маңғышлақ түбегіндегі Үстірт шоқысының батысында орналасқан.  Шатқал Қараішек ойпатымен ұштасып жатыр. Шатқалдан 20 шақырым қашықтықта оңтүстік-батысқа қарай Бекет ата қорымы – Жаңаөзен автожолы өтеді.

Шерқала тауы

Шерқала - Қаратаудың орталық және батыс жоталарының ортасында орналасқан тау түзілісі. Әйгілі Жібек жолының қызып жатқан кезінде  талайларға көлеңке, пана болған деседі. Бір жағынан қарасаң, тау киіз үйге ұқсайды, екінші жағынан ұйқыдағы арыстанның бейнесін көруге болады. Сол себепті де Шерқала аталады, оның түркі тілінен аудармасы – «арыстан тау».

Үлкен Алматы көлі

Үлкен Алматы көлі - Іле өзенінің саласының бірін жанай өтетін оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 154 шақырымға созылған, Іле Алатауындағы көл. 

Рахман қайнары

Рахман қайнары – Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзi. Оңтүстік Алтайдың кiшкене тектоникалық ойпатында, Арасан көлі жағасында, теңiз деңгейiнен 1750 м биiктiкте айналасын биiк тау, орман қоршаған өте көрiктi жерде орналасқан. Рахман қайнары өлі су саналады, онда не балық, не жануар тіршілік етпейді. Рахман қайнарының шипалық қасиетi оның құрамындағы көмiр қышқылының, радонның молдығында. 

Маңғышлақ үстірті

Маңғышлақ үстірті – Каспий теңізі жағалауының шығыс түбегінде орналасқан.

Балқаш көлі

Балқаш көлі - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында.  Балқаш көлінің ең басты ерекшелігі –  батыс бөлігі тұщы су болса, шығыс бөлігі ащы сулы.

Алакөл

Алакөл - Балқаш-Алакөл қазаншұңқырының шығысында, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары шекарасының қиылысында және Балқаш-Алакөл жазығында орналасқан ағынсыз тұзды көл. Жалпы, Алакөл - емдік қасиеті өте мол ағынсыз су қоймасы.

Қарқаралы

 Қарқаралы - Сарыарқаның шығысындағы таулы-орманды алқап. Мұнда таулардан Қарқаралы (Қараөзек, Түлкілі, Тасбұлақ салаларымен қоса), Жарым, Жарлы өзендерінің оң салалары Қопа, Құрөзен, Кендара, т.б. өзендер бастау алады.

Тау басында туристік маңызы бар Шайтанкөл, Бассейн көлі, етегінде Үлкенкөл, Шортанды, т.б. көлдер бар. Қарқаралы таулары жерасты тұщы суларына бай, олардан Суықбұлақ, Тасбұлақ, Сыращы бұлағы, т.б. ағып шығады.

Қиын-Керіш 

Қиын-Керіш - қызыл топырақты құлама жарлардан, өркештелген адырлардан, қызғылт сары, ақ, көк және басқада сан түрлі топырақты мұнаралардан тұратын ерекше шатқал. Аумағы - 300 гектар. Топырағының қызғылт түсі жаздың аптап ыстығында сағымданып, жалын шашып тұрғандай көрінеді. Сондықтан, «Жалынды жар» деп те атайды. Қиын-Керіштің ең басты қазынасы - әр геологиялық дәуірлер із қалдырған түрлі-түсті қатпарлары, шөгінділері мен бедерлері. 

Отырар және Отырар оазисі

Отырар оазисі - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс өзенінің   Сырдарияға құяр  сағасында орналасқан.

Бабажы-қатын кесенесі 

Бабажы-қатын кесенесі – Қазақстандағы 10-11 ғасырлардан сақталған сәулет өнері ескерткіші. Тараз қаласынан 18 шақырым қашықтықтағы Айша бибі кесенесінің маңында орналасқан.

Аққайран көлі

Аққайран көлі аты айтып тұрғандай, демалушыларды  балық аулауға ыңғайлылығымен тартады. Бұл - салмағы 3 келіге дейін жететін аққайран балықтары бар аймақтағы жалғыз көл. Көл теңіз бойынан 1685 метр биікте орналасқан. Ұзындығы 3 км, ені – 800 м, ал, тереңдігі 10 м. Судың түсі – сарғыш-жасыл.

Бегазы қорымы

Отандық археология тарихындағы жарқын ашылымдардың қатарындағы аса бір ерекше орынды  Қарағанды облысындағы Беғазы қорымы алады. Қорым құрылысына фаниттен жасалған 3 тонналық ірі плиталар қолданылған.

Шайтанкөл 

Шайтанкөл – Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласының оңтүстік-батысында 5 шақырым  жерде, Бұғылы тауының теңіз деңгейінен 1200 метр биіктігінде орналасқан. Көл Қарқаралының тылсым көлі саналады. Көлдің түбін ешкім көрмеген деседі. Түсі – ашық көк.

Орта-Дересіндегі тораңғы шілігі

Балқаш қаласының маңында бірнеше тораңғы шілігі бар. Олар Орта-Дересін елді мекені аумағында Тоқырауын өзенінің төменгі ағысы бойында орналасқан. Тораңғы ағашын ертеректе қазақтар киелі санаған және оны шабу үлкен күнә деп есептелген. Мықты тұқым жүйесінің арқасында тораңғы ағашы 50 метр тереңдіктен су тарта алады.

Теректі-Әулиедегі тастағы жазулар

Теректі-Әулие - Орталық Қазакстандағы тасқа бейнелеу өнерінің көне ескерткіші. Теректі әулие Теректі темір жол станциясынан солтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан.  Теректі әулие археологиялық кешені тасқа бейнеленген суреттерден, неолиттік тұрақтардан, қола дәуірінің қоныстары мен некропольдарынан т.б. тұрады. Теректі әулиеде тасқа жануарлар суреті бейнеленген. Бұның барлығы сақ дәуіріне жататын «аң стилі» бейнелеу өнеріне саяды.

Заңғыртас петроглифтері

Заңғыртас петроглифтері - қола дәуірі суретшілерінің ескі тастарға ойып салған таңғажайып суреттері. Мұнда арқар, тау ешкі, түйе, аң аулау кезі, атты қолға үйрету сәттерін байқауға болады.

Ерейментау  таулары

Ерейментау таулары – Ақмола облысының солтүстік-шығысы мен Қарағанды облысының солтүстік-батысында  орналасқан. Мұндағы  тас пен қола ғасырлардың көптеген молалары, скифтік ескерткіштер, түркі тас мүсіндері, осының бәрі осы жерлер арқылы өркениет жолдары өткендігін дәлелдейді.

Қарақия ойпаты

Қарақия ойпаты - Маңғышлақтың солтүстік жазығында, Ақтаудан шамамен 50 шақырым жерде солтүстік батыстан оңтүстік мұхит деңгейінен 132 метр төмен әлемдегі ең терең ойпат орналасқан. Ертеректе бұл жерде Батыр атты көл болған. Кейін ойпат пайда болған. Ойпаттың ұзындығы – 40 шақырым, ені – 10 шақырым.

Қаракие деген аты түрік тілінен аударғанда «қара аран» (жыртқыш ауыз) деген мағына береді. Ойпаттың етектері жайпақ болғандықтан, одан төменге түсу оңай. Көктемде бұл жерден қозықұйрық саңырауқұлақтарын көптеп теріп алуға болады, Маңғышлақта одан басқасы өспейді. 

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Оңтүстік Қазақстан облысының Тұрар Рысқұлов ауданы аумағында орналасқан. Жалпы аумағы – 75000 гектар.

«Шымбұлақ» тау шаңғы шипажайы

«Шымбұлақ» - Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2260  метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Жазда ауаның орташа температурасы - +20 С, қыста – 7 С. Қар қабатының  орташа қалыңдығы 1, 5 м., жылдағы шуақты күндер 90% дейін болады.  Бұл жерді  қар қараша айынан  бастап мамырға дейін жамылып жатады.

Сақ қорғандары. «Алтын адам»

1969 жылы Кемал Ақышев бастаған бір топ қазақстандық ғалымдар Есік қорымын табады.  Қорым құрамында 45 топырақ (диам. 30 — 90 м, биікт 4 — 15 м) оба бар. Есік қорғаны қорымның батыс бөлігінде орналасқан. Оның  диаметрі - 60 метр, биіктігі - 6 метр.

Бұрхан-Бұлақ  сарқырамасы

Бұрхан-Бұлақ Орталық Азиядағы ең ірі сарқырама. Сарқырама Іле өзені алабында орналасқан. Жоңғар Алатауындағы Тышқан жотасының оңтүстік беткейінен басталып, Жәркент қаласының тұсында Үсек өзеніне құяды. Ұзындығы - 50 км, су жиналатын алқабы - 255 шаршы шақырым.

Зеренді

Зеренді - Ақмола облысы Зеренді ауданының табиғаты көрікті жерінде орналасқан. Аймақтың қыратты-төбелі жер бедері шоқылар және қырқалармен үйлесім тапқан.  Ұзындығы – 60 шақырым, ені – 25-30 шақырымға созылып жатқан Зеренді жері демалушыларды өзінің көгілдір көлдері, мөлдір бұлақтарымен тартады.

Қапшағай

Қапшағай өңірі Алматы облысының оңтүстік-орталық бөлігінде, Қапшағай су қоймасының жағасында, Алматыдан 70 шақырым жерде орналасқан.

 Қапшағайда тұщы судың ірі қоймасының болуы себебінен ерекше микроклимат түзіледі. Бұл осы өңірдің флорасы мен фаунасының дамуына жағымды әсерін тигізеді.

Маңғышлақ түбегі

Маңғышлақ түбегі Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Маңғышлақтың солтүстік бөлігінде Маңғышлақ, Өлі Қолтық, Қайдақ шығанағы суларымен қоршалған  Бозашы түбегі көрінеді.

Екідін құрылысы

Қостанай облысы Екідін (Сарыторғай) ауылы маңында Амангелді ауданында жабайы тастан жасалған шар тәріздес формасы бар екі көне құрылыс – діндер орналасқан.

Осы тарихи объекттің болжамды салыну уақыты - ерте темір ғасыры. Кейбір ғалымдардың ойлауынша, бастапқыда олар сакралды, салттық міндетке ие болған.

Осы тарихи ескерткіш Екідін деп аталады, ол бір-бірінен біршама алыс қашықтықта орналасқан түрлі төбешіктердің үстінде орналасқан екі объекттерден тұрады.

«Барсакелмес» мемлекеттік қорығы

Қорық Қызылорда облысы, Арал ауданында орналасқан. Қорық аумағы «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атты кластерлі бөлігінен тұрады. Жалпы аумағы - 16 975 га.

Бесшатыр

Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Іле өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Тамғалы

Тамғалы шатқалы – Оңтүстік Қазақстан аумағын мекендеген ежелгі адамдардың өнерінің тамаша ескерткіші.  Бұл жерде құз жартастар мен мұз дәуірінен қалған үлкен домалақ тастарға Будда мен Бұрхандардың суреттері ойылып салынған.  2004 жылдан бері ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралары құрамында.

Берікқара шатқалы

Берікқара шатқалы – республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша. Аумағы 17,5 мың га. Берікқара шатқалы Қаратаудың Билікөл маңындағы өсімдіктер мен жануарлардың реликт және эндемик түрлері көп кездесетін өңірде орналасқан. Қорықшада сирек кездесетін Семенов үйеңкісі, Сиверс алмасы, согдиана шағаны, т.б. өседі.


 

Жұмбақтас

Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. Биіктігі - 18 метр. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. 

Оқжетпес

Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Биіктігі 300 метрден асады. Бұл тау жайында халық аузында көптеген аңыз-әңгімелер бар. 

Қозы Көрпеш – Баян сұлу мазары 

Қозы көрпеш – Баян сұлу мазары – X-XI ғасырларда тұрғызылған сәулет өнері ескерткіші.
Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Таңсық ауылына таяу, Аягөз өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Аблаинкит қамал шіркеуі

Ескерткіш 1964 жылы анықталды. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы аумағында орналасқан. Кешен тау басына соғылған және  бесбұрышты келген.

Үстірт

Үстірт Каспий мен Аралдың арасында орналасқан. Оның көлемі 200 мың шаршы шақырымды алып жатыр.

Шар алқабы

Шар алқаптар Торыш шатқалында орналасқан. Маңғыстаудың жұмбақ жері саналады. Себебі, бұл аймақ дөңгелек тастарға толы. 250 мың жылдан бері ғалымдар тастардың ерекше құрылымы турасында зерттеу жүргізіп келеді. Алайда, әзірге тастардың қалай пайда болғанын ешкім білмейді.

Дереккөз: kaztrk.kz