Әлемдегі ең ұзын эскалатор

Әлемдегі ең ұзын эскалатор

Жақында Шанхай қаласында жапондық Daimaru жаңа орталығының көрсетілімі өтті. Бұл молдың ерекшелігі – эскалаторының спираль тәріздес болуында. Эскалатор келушілерді бір қабаттан екінші қабатқа оңай алып барады. Сауда орталығы шоппингті жақсы көретіндер үшін таптырмас жер саналады. Шанхай қаласындағы жапон әмбебап дүкені спиральді эскалаторды тап осы қалаға салуды дұрыс көрген екен. Молл сегіз қабаттан тұрғандықтан, ол әлемдегі ең ұзын эскалатор болып есептеледі. Бірақ келушілер молға, әзірше, мамыр айына дейін бас сұға алмайды. Өйткені, бұл – алдын ала ұйымдастырылған көрсетлім.

Ұқсас жазбалар:

Әлемдегі ең ерекше эскалаторлар

Сурет: uk.screen.yahoo.com

Н. Нұрмаханұлы