Қазақстандық студенттердің Жапониядағы Окинава саябағына саяхаты

Қазақстандық студенттердің Жапониядағы Окинава саябағына саяхаты

Қазірде қазақстандық студенттер әлемнің түкпір-түкпірінде оқып жатыр. Олар да Қазақстанды әлемге танымал етуге өздерінше атсалысуда. Солардың бірі – Жапонияда оқып жүрген Сымбат, Айдана, Сонти есімді студенттер.

Өткен материалымызда отандастарымыздың Окинава патшалығында серуендегенін айтқан болатынбыз. Бұл жолы жерлестеріміздің Okinawa World саябағына саяхатын назарларыңызға ұсынамыз.

Саяхатшылар: "Сәлем, достар! Кезекті видеомызды қабыл алыңыздар. Бұл жолы біз Okinawa World атты тақырыптық саябаққа барып қайттық. Сол саябақтың ішкі атмосферасын бізбен бірге тамашалаңыздар!  Бұл видеодан ежелгі дәуірде пайда болған сталактит үңгірі, жыландар музейі және окинава халқының ұлттық биін көре аласыздар", - дейді.

Сурет, видео: Сымбат Балтабекова

Ф. Абилова