Америкада "жанатын" сарқырама бар

Америкада "жанатын" сарқырама бар

«Ат құйрығы» деп аталатын сарқырама Американың Йосемити саябағында орналасқан. Ақпан айында сарқырама күн сәулесімен шағылысып, "жанады".

Сарқыраманың биіктігі 650 метр. Фотограф Майкл Фрайдың айтуынша, мұндай таңдай қақтырарлық көрініс небары бірнеше минутқа ғана созылады екен. Күн ашыла түскен сәтте сарқырама «жалын лавасы» іспеттенеді. 

Бұл оқиғаны тамашалау үшін мыңдаған турист жиналады. Ат құйрығы – кішкентай ғана сарқырама. Оны жылдың басқа уақытында алыстан байқау өте қиын.

Оқи отырыңыз: 

Румынияның көрікті жерлері

Қытайлар мұздан 20 қабатты сарай тұрғызды

Алматылықтар метромен тегін жүру мүмкіндігіне ие болады

"Қар атыспақ" ойынынан халықаралық чемпионат барын білесіз бе?

Сурет: animalworld.com.ua

Н. Нұрмаханұлы