Орманнан адасқанда...

Орманнан адасқанда...

Орманға шығып, көгалда отыру тамаша іс. Бірақ сіз топтан ажырап, жалғыз өзіңіз ну орманда адасып қалсаңыз не істейсіз? Адамдар мұндай келеңсіз жағдайларға жиі ұшырап жататыны жасырын емес. Төменде орманды алқапта адасқан жағдайда не істеу керектігінің бірнеше тәсілі көрсетілген.

Сапарға шығар алдында кез келген жорықшы міндетті түрде қолына компас немесе жергілікті жердің картасын алып шығады. Бірақ компас басқа бір жорықшының қалтасында қалып қойған жағдайда қайтеміз? Алдымен жан-жағыңызды мұқият зерделеп, жүрген жолыңызды еске түсіріңіз.

Орман арасынан сүрлеу жолды тауып алу үшін алдымен қай жақта тұрғаныңызды дұрыстап анықтап алуыңыз қажет (жорыққа шығар алдында жергілікті жердің картасын қарап алған жөн). Егер қандай жерге тап болғаныңызды білмесеңіз, дыбысқа зейін қойып, иіске мән беріңіз.

1. Қайың ағаш діңінің дақтары солтүстік бетінде көп болады.

2. Піскен жидек алдымен оңтүстік бөліктен қызарады.

3. Қына солтүстік беткейде өседі.

4. Ағаш түктілігі солтүстік бөлігінде оңтүстік бөлігінен гөрі сирек кездеседі.

5. Жалғыз өзі өсіп тұрған мүкке назар аударсаңыз, оңтүстік бөлікте шөптің қалың өсетінін байқайсыз.

6. Жеміс-жидек оңтүстік аймақта тез піседі.

7. Егер сіз сүрлеу жолды тапқан болсаңыз, сол жолмен ойланбастан тіке тартыңыз. Ал егер жол адам бойынан әлдеқайда төменірек және бұтақтармен жанасқан болса, ол жақтан жыртқыш аңдардың апаны шығып қалуы ықтимал.

Оқи отырыңыз: 

Франция мақтанышы – Маркессак бақшасы

60 метр биіктікке атқылайтын гейзерді тамашалаңыз

Қытай кәсіпкері Rolls-Royce тарихындағы ең қомақты тапсырыс жасады

Кішкентай Жапонияда адам аяғы баспаған жер бар дегенге сенесіз бе?

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: wall.alphacoders.com

Н. Нұрмаханұлы