«Эйр Астана» мен «Asiana Airlines» код-шерингтік келісімге қол қойды

Эйр Астана» және ««Asiana Airlines» екі тасымалдаушы қызмет көрсететін маршруттары бойынша код-шерингтік келісім жасады. Қол қою рәсімі Корея Республикасы Президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары шеңберінде 2014 жылдың 19 маусымында қазақстандық корей бизнес-форумында өтті. Бұл туралы Massaget.kz тілшісіне «Эйр Астана» әуе копманияcының баспасөз қызметі хабарлады. 

Тиісті құжаттарға «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер мен «Asiana Airlines» Ким Су Чон мырза қол қойған. 

Келісім бойынша «Эйр Астана» жолаушылары «Asiana» желісін Азия мен Солтүстік Америка елдеріне ұшқанда пайдалана алады, ал «Asiana» жолаушылары «Эйр Астана» желісі арқылы Орталық Азияға, ТМД-ға және Еуропа мемлекеттеріне сапар шеге алады. Еркін код-шерингтік келісім жолаушыларға едәуір жақсартылған мүмкіндіктер, сонымен қатар тасымалдаушылардың екеуіндегі нақты уақытта қолжетімді жақсартылған икемді кесте мен барлық рейстегі бос орындар туралы интерактивті мәлімет береді. Сондай-ақ жолаушылар бір билетпен кең желінің барлық мүмкіндігін пайдалана алады.

«Біздің Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз жыл сайын нығайып, жемісті болып келеді. Алматы-Сеул маршруты бойынша жолаушы санының 49 пайызға ұлғаюы екі ел арасындағы сауда және мәдениет саласының дамып жатқандығының айғағы. Бүгін жеткен уағдаластығымыз екі әуе компаниясына дамудың жаңа кезеңіне көтерілуіне және кеңейтілген маршруттық желі артықшылықтарын клиенттерімізге ұсынуға мүмкіндік береді»,-деді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер.

Ким Су Чон мырза Питер Фостерді жақында «Эйр Астананы» Азиялық Тынық мұхит аймағы әуе компаниялары Қауымдастығына (ААРА) қабылдауымен құттықтады. 

Тараптар келісімдерді орындау барысын Токио қаласында 2014 жылы 18-19 қарашасына жоспарланған ААРА Ассамблеясы аясында талқылайтын болады.

Оқи отырыңыз:

Ұшақпен саяхатқа шығар алдында

Cаяхаттаудың тиімді айла-тәсілдері

«Эйр Астана» Азия-Тынық мұхит аймағының қауымдастығына қосылды

Эйр Астана Е.А. Бөкетов атындағы Қарғанды мемлекеттік ...

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы 

Сурет: www.munaily-astana.kz