Өзгерген ел

Ұлыбританиядан 1971 жылы тәуелсіздік алған Азияның оңтүстік-батысындағы шағын мемлекет аз уақыттың ішінде өсіп-өркендеп үлгерген...

Газ бен мұнайдың көптеп табылуы бәріне бастау болып, осы бір мемлекеттің табиғат ресурстарын тасымалдауына және беделді аймаққа айналуына септігін тигізді. Осы шақта ел көгере бастаса керек: қиялдан асып түскен зәулім сарайлар мен қымбат қонақүйлер, үлкен сауда-саттық кешендері мен жасанды, бірақ жасампаз аралдар.

Көпшілік сән-салтанат бар-жоғы 40 жыл ішінде салынып біткен екен. 

Мемлекеттің қаншалықты байып, дәулетті, іргелі ел бола бастағанын төмендегі суреттерге қарап біле аласыз.

Ертеректе: Катардың астанасы Доха, 1977 жылдары

Қазір: Доханың бүгінгі бейнесі. «Emporis» зәулім ғимаратын қосқанда, осы күнге дейін 47 сарай салынып біткен

Ертеректе: Астананың сауда-саттық тұрмысы. 1968 жыл

Қазір: West Bay мен зәулім үйлер астананың орталығына айналуда

Ертеректе: 1977 жыл. Катардың бұзылған қаласы

Қазір: Бүгінде Дохадағы Ислам өнерінің Музейінде құнды қолжазбалар мен нешебір топтамалар, бағалы керамикалар сақтаулы

Ертеректе: Қоқыс пен жұмыссыздық - 1977 жылдар үшін әдеттегі көрініс

Қазір: Жағалауға бет бұрған Порто Арабия

Ертеректе: Дохадағы басқарушы Шейхтың бітпеген сарайы. 1971 жыл

Қазір: Жасыл алқаптағы Emiri Diwan (Эмирдің сарайы)

Ертеректе: Астана орталығындағы Сағат мұнарасы,  1971 жыл

Қазір: Сағат мұнарасы бүгінде үлкен мешіттің жанында орын тепкен.

Ертеректе: Қаланың шет аймағында қараусыз қалған америкалық кабриолет

Қазір: «Aspire Tower» ғимараты мен Халифа стадионы

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: businessinsider.com