Оңтүстік полюсті велосипедпен бағындырған тұңғыш әйел

Оңтүстік полюсті велосипедпен бағындырған тұңғыш әйел

Британиялық саяхатшы әйел Мария Лейджерстам Оңтүстік полюсті шайтанарбасымен бағындырды. Осылайша өткен айдың соңына қарай 35 жастағы Мария көздеген мақсатына қол жеткізіп, Антарктиданы велосипедпен бағындырған алғашқы адам болып тарихқа енді.  

Мария Лейджерстам бұл межеге үш дөңгелекті етіп арнайы Антарктида табиғатына бейімдеп жасалған велосипед көмегімен жетіп отыр.

Британиялық әйел өз саяхатын 17 желтоқсан күні бастаған екен. Оған дейін Оңтүстік полюске басқа маршрутпен және екі дөңгелекті велосипедпен екі саяхатшы аттанған болатын. Қиын, алайда қысқа маршрутты таңдаған Мария Лейджерстам ғана өзінің төзімді үш дөңгелекті көлігінің арқасында олардың алдын орап келе алған. Ол осы саяхаты барысында бас аяғы 644 шақырым жолды кесіп өткен көрінеді. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: rtkorr.com

Б. Қосмағамбет