Алматыда студенттер айтысы өтті

Алматыда студенттер айтысы өтті

Наурыздың 13-інде Алматы қаласының тарихы мұражайының ұйымдастыруымен студенттер арасында айтыс өтті. Айтыс Сүйінбай Аронұлының туғанына 200 жыл, Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Айтыстың өтуіне Алматы қаласы әкімшілігі де қолдау көрсеткен.

Айтысқа еліміздің студент жастарынан бөлек Қытай елінен келген ақындар да қатысты. Ұзын саны 10 ақын сынға түскен бәйгеде  елге белгілі ғалымдар мен ақындар төрелік етті. Айтысқа қатысқан он ақынды мұражай директоры Жүрсін Ерман іріктеп таңдап алған.  

Айта кетелік, айтысқа Massaget.kz сайтының журналисі Жасұлан Исақаев та қатысты. 

ва

Massaget.kz сайтының тілшісі Жасұлан Исақаев

Қазылар алқасының шешімі бойынша, бас жүлде ҚызПУ студенті Зура Шайдымұратқа бұйырды. Бірінші орын ҚазҰПУ студенті Аяулым Жұмабекқызына берілсе, екінші орынға ҚазҰУ студенті Айтбек Тұрсынбаев ие болды. Үшінші орынды ҚызПУ студенті Арзыгүл Қайымбекқызы алды.

Қалған 6 айтыскерге ынталандыру сыйлықтары берілді.

Айта кетелік, жүлдегерлерді анықтауда олардың ие болған ұпайлары ескерілген жоқ. Жеңімпаздар қандай факторларға сәйкес анықталғанын қазылар алқасы айтқан жоқ.

f

Қалай болғанда да, бұл айтыс жас ақындарға үлкен сахнаға жолты ашты. Кейбір ақындар биыл 22 наурызда өтетін кезекті студенттер айтысына жолдама алды. 

Биыл елімізде Жүрсін Ерманның мұрындық болуымен кемінде тағы 11 айтыс өткізіледі. Бұл жолғы айтысқа қатысқан ақындардың басым көпшілігі алдағы айтыстарға шақырылмақ. 

сурет: massaget.kz

Е. Қайрахан