- Негізгі бет
- РИО-2016
- Рио-2016: Қазақстан 18-орынға...
Рио-2016: Қазақстан 18-орынға көтерілді
Бүгін Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы есепте 20-орыннан 18-орынға көтерілді.
Тура қазір есеп бойынша АҚШ 28 алтын 30 күміс, 28 қола медаль жеңіп алып, жалпы есепте көш бастап тұр. Ал Қазақстан құрамасы бүгінгі Данияр Елеусіновтың бір алтыны мен Эльмира Сыздықованың қола жүлдесінен кейін, жалпы есепте үш саты көтеріліп, 18-орынға тұрақтады. Қазір Қазақстан қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 6 қола медаль бар.
Еске сала кетейік, осыған дейін Даниярдың алдында Нижат Рахимов пен жүзуші Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының чемпионы атанған еді. Ал Рио Олимпиадасының күміс жүлдесін балуан Елдос Сметов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл, боксшы Василий Левит жеңіп алды. Қола медальдарды дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах, үш қарғып секіруші Ольга Рыпакова, ауыр атлеттер Карина Горичева, Фархад Харки, Александр Зайчиков және әйелдер күресінен Эльмира Сыздықова еншіледі.
Дереккөз: inform.kz
Е. Жұмабайұлы