Төрешілердің әділетсіздігін моңғолдар шешініп тастап шешпек болды (видео)

Риодағы Олимпиада ойындарында түрлі оқиғалар орын алды. Соның бірі – жарыстың соңғы күні моңғол жаттықтырушыларының төрешілер шешіміне ашық наразылығы болды. Олар наразылықты айтып қана қоймай, төрешілер алдына барып шешініп тастады да...

65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде моңғолиялық балуан Гандзориг Мандохнаран қола медальға таласта өзбекстандық Ихтиер Наврузовпен кездесіп, соңғы секундқа дейін 7:6 есебімен жеңіп тұрған-ды. Белдесу аяқталып, моңғолиялық балуан мен оның жаттықтырушылары жеңісті тойлай бастағанда төрешілер ұпайды 7:7-ге жеткізіп, есепті теңестірді. Нәтижесінде соңғы болып ұпай алған өзбек балуаны жеңімпаз атанды.

Төрешілердің шешіміне наразы болған моңғол жаттықтырушылары ашық қарсылық танытып, жанкүйерлердің көзінше кілемде шешініп тастады. Бірақ олардың бұл қылықтары төрешілер шешімін өзгерте алған жоқ.