Еліміздің еркін күрес балуандары жүлдесіз қалды

Қазақстандық балуандар Дәулет Шабанбай мен Аслан Кахидзе Риодағы алғашқы белдесулерінде-ақ жеңіліп қалды. Нәтижесінде жүлделі орыннан көріну мүмкіндігінен айырылды.

86 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан Аслан Кахидзе беларусь елінің спортшысы Омаргаджи Магомедовқа жол берді. Ал беларус балуаны екінші айналымда америкалық Майкл Коксқа жол берді. Нәтижесінде отандасымыз жұбаныш белдесуге шығу мүмкіндігінен айырылды.

125 келіге дейінгі салмақта Дәулет Шабанбай да беларусь балуанына жол берді. 1/8 финалда Ибрагим Сайдовқа 7:0 есебімен жеңілді. Ал беларусь балуаны екінші кезеңде түрік Ахгуль Тахаға 11:0 есебімен ұтылды.