Алмат Кебіспаев ширек финалға шыға алмады

Қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев Рио Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады. Бірінші белдесуінде отандасымыз жарыстағы фавориттердің бірі ресейлік Ибрагим Лобазановты жеңгенмен, 1/8 финалда жапон балуанына жол беріп алды.

59 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз жапон балуаны Шинобу Отаны жеңе алмады. Бірінші кезеңде екі ұпаймен, екінші кезеңде төрт ұпай айырмасымен ұтылды.