14 тамыз күні жарыс жолына шығатын қазақстандық спортшылар

Бүгін Рио Олимпиадасында қазақстандықтар спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынайды. Назарларыңызға 14 тамыз күні сынға түсетін қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін ұсынамыз.

Спорт түрі: Ату. Ерлер. Винтовкадан үш жағдайда оқ ату (50 метр). Іріктеу кезеңі.

Кім: Юрий Юрков

Уақыты: Басталуы 18.00

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Марафон. Әйелдер.

Кім: Гүлжанат Жанатбек. Ирина Смольникова.

Уақыты: Басталуы 18.00

 

Спорт түрі: Грек-рим күресі. Ерлер 59 келіге дейін.

Кім: Алматы Кебіспаев.

Уақыты: Іріктеу кезенінің басталуы. 19.00. Тікелей эфир (KazSport)

 

Спорт түрі: Грек-рим күрес. Ерлер 75 келіге дейін.

Кім: Досжан Қартықов

Уақыты: Іріктеу кезенінің басталуы. 19.06. Тікелей эфир (KazSport)

 

Спорт түрі: Синхронды жүзу. Дуэт. Ерікті бағдарлама.

Кім: Александра және Екатерина Немич 

Уақыты: Басталуы 20.00

 

Спорт түрі: Бокс. Әйелдер 75 келіге дейін. 1/8 финал

Кім: Дариға Шәкімова

Уақыты: Шәкімованың жарысы 20.15 басталады. Тікелей эфир (Қазақстан)

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер 56 келіге дейін. 1/8 финал.

Кім: Қайрат Ералиев 

Уақыты: Ералиевтің жекпе-жектегі 03.15-те басталады. Тікелей эфир (Хабар)

 

Спорт түрі: Бокс. Ерлер 81 келіге дейін. 

Кім: Әділбек Ниязымбетов

Уақыты: Ниязымбетовтың жекпе-жегі 05.00-де басталады. Тікелей эфир (Хабар)

 

Спорт түрі: Жеңіл атлетика. Үш рет қарғып секіру. Әйелдер. Финал.

Кім: Ольга Рыпакова

Уақыты: Басталуы 05.55-де. Тікелей эфир (Қазақстан)