Данияр Елеусіновтің алғашқы қарсыласы анықталды

Олимпиада ойындарында алтын жүлдеден басты үміткер саналыпотырған 69 келідегі Данияр Елеусіновтің алғашқы қарсыласы анықталды.

Ұлттық құраманың капитаны бірінші айналымда бос болған еді. Бүгін оның 1/8 финалдағы қарсыласы белгілі болды. Ұлыбритания боксшысы Джош Келли Египеттен келген Валид Мохамедті ұтты.  

Енді 11 тамыз күні Елеусінов пен Келли кездесетін болады.

Бұл боксшы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) Аслан Шымбергеновке ұтылған еді. 

Рио Олимпиадасында қазақ елінің намысын ерлер арасында 9 боксшы қорғауда.

Дереккөз: bnews.kz