Елдос Сметов: «Әттең, алтын болмай қалды...»

Елдос Сметов: «Әттең, алтын болмай қалды...»
Фото: vesti.kz

Рио Олимпиадасында күміс медаль иеленген Елдос Сметов жарыс соңынан кейінгі өзінің ойымен бөлісті. Жанкүйерлік танытқан барша қазақстандықтарға алғысын білдірді. Сондай-ақ алдағы Олимпиадада (Токио – 2020) күмісін алтынға айырбастайтынын айтты.

Айта кетейік, 60 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын отандасымыз шешуші белдесуде ресейлік Беслан Мудрановқа есе жіберіп алған еді. Финалдық кездесуден кейінгі сұқбатында шешуші белдесудің басында жарақат алып қалғанын айтты. 

О. Сансызбай