Интернеттегі мысықтың орны

Түсініксіз бе? Қазір интернетте мысықтар туралы көп айтылады. Солардың бәрін осында жазайық. Мен мысық жақсы көремін. Тағы кім жақсы көреді? :lol:

Мысықтарға ТТЕРПЕТЬ НЕ МОГУ!)
Жақсы ғой мысық деген,маған мысық та және оның баласы марғау да ұнайды,сүүп-сүйкімді өздері,пырылдаап тұрып ұйықтайды ғой :lol:
мысықты ұнатпаймын,оның көзінен жамандықты көргендей боламын.Мысық үйде бала көп болғанын қаламайды екен. Өйткені, бар назарды өзіне аударқысы келеді.Жабысып, аяққа оратылып алады ғой.
Мен де мысықтарды, әсіресе бала мысықтарды жақсы көремін. Үйде мысыққа жақын жалғыз мен шығармын, басқалары, тіпті кішкентай сіңлілерім де мысықты жек көреді. Қалада пәтер жалдап тұратындықтан, мысық ұстауға мүмкіндік жоқ, ал қала сыртындағы үйдегілер мысықты ұнатпаса да, ұстауға мәжбүрлейтін себептер бар (тышқан, крыса деген :mrgreen: ), бірақ олар мысықтарға көп жәбір көрсетеді. Мен ол үйге тек демалыс күндері ғана барамын, сонда мысықтарым алдымнан жүгіріп шығып, шағымданғандай, аянышты дауыспен мияулап, аяғыма орала кетуші еді. Жақындарым "Өзің де мысық сияқты болғасын шығар, саған жақын болатыны олардың" деп күлуші еді. Қазір үйде мысық қалмады, соңғысын ағам байқамай, машинамен қағып кетті :cry: . Оның алдындағылар бірі ауырып, бірі жоғалып, әйтеуір, тұрақтамай қойды.