Достықтың өзі махаббат қой. Қоршаған ортадағы барлық адамға махаббат керек, барлығымен мейірімді болу керек. Дөрекілік - мейірімсіз адамның түрі. Мейірім мен достық,және жүректілік барлығы махаббатқа жатады.
Махаббатқа сенемін. Махаббат есімді ұлты корей апайым (корейше аты Ким Соң Хе) махаббатты құдаймен байланыстырады. Оның айтуынша, бұл сезім Үшбұрыш сияқты: бір ұшында өзі, екінші ұшында жұбайы, төбесінде Құдай. Екеуі екі түрлі қалада тұрған, ең алғаш конференцияда танысқан, содан кейін кездеспеген, бірақ бір-бірін ұнатқан. Содан кейін тағы келесі конференцияда жолыққан. Сол кезден бастап кездесе бастаған. "Біздің арамыз алыс болды, екі қалада тұрдық. Бірақ мен де, ол да жоғарыдағы Құдайға сеніп, соған қарай жүрдік. Сонда біздің арамыз жақындай бастады" дейді. Сол сияқты, ең бірінші жаратқанға деген махаббат, сенім болу керек, одан кейін бәрі өз орнында болады.
Достықтың өзі махаббат қой. Қоршаған ортадағы барлық адамға махаббат керек, барлығымен мейірімді болу керек. Дөрекілік - мейірімсіз адамның түрі. Мейірім мен достық,және жүректілік барлығы махаббатқа жатады.
Сонда өзіңіз өмірге қалай келдіңіз? Құдайдың махаббатынсыз, ата-анаңыздың сезімінсіз өмірге қалай келдіңіз??
"Махаббатпен жаратқан адамзатты..."