С.Сейфуллиннің фольклор негізіндежазылған шығармасы?

Көкшетау

Автор қазақтың мәдениет, әдебиет тарихын зерттеу мақсаты-Қазақстанның халық ағарту орындарының алдында тұрған ең басты мәселесі болу керектігін айтады. Ол үшін С. Сейфуллин: «Халық тарихын, әдебиет тарихын тәртіптеп жазып шығаруға әдебиет тарихының деректері керек.Болған тиісті мағлұматтар, біраз ескі мағлұматтар, біраз тарихи әдебиет
деректері қазір қазақ университеті қарамағында бар. Бұл ескі мағлұматтар дегеніміз, тарихи әдебиет дегеніміз мыналар: ескі сөздер, билер сөздері, ескі батырлар әңгіме-жырлары, қиссалар, ертектері, неше түрлі өлеңдер,
әдет-ғұрып жырлары, мәселен: беташар, ау-жар, тойбастар, бесік жырлары,жоқтаулар, айтыстар, ескі әңгіме-жырлар, аңшылық әңгімелері, бақташылық әңгімелері, бақсы әңгіме-жырлары, тағы басқа осы тәрізді әңгіме-жырлар»,-
деген тәрізді фольклор үлгілері оқулық жазу үшін қажетті мәтін көзі боларын ескертеді. Ал, бұл жиналған фольклор үлгілері, С. Сейфуллин пікірінше, өз кезегінде университетте қазақ әдебиеті тарихынан оқылатын дәрістерге
енеді, соңынан жеке оқулық кітап болып басылады.