Брусиловский жазған операның тақырыбы?

Қыз Жібек

Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды. Оның шәкірттері Б.Байқадамов, А.Бычков, К.Күмісбеков, Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиевтер — Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты кітабы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы үшін), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6-симфониясы үшін) лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Алматы қаласында Брусиловский атында көше бар.